Азамат Кеңесұлы (23 тамыз 1977, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының орынбасары.

Өмірбаяны 1977 жылы 7 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылында дүниеге келген.

Қызмет жолы 1998 – 2000 жж. № 12 гимназия география пәнінің мұғалімі; 2000 – 2001 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетінің оқытушысы; 2001 – 2006 жж. «Рахат» телеарнасының редакторы; 2006 – 2009 жж. «Рахат» телеарнасы Қазақ дирекциясы директорының орынбасары; 2009 – 2010 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі; 2010 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының арнайы тілшісі; 2011 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы; 2011 – 2011 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы Алматы бюросының жетекшісі; 2011 – 2012 жж. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі; 2012 – 2013 жж. Арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі; 2019 – 2020 жж. Диджитал департаментінің директоры; 2020 – 2023 жж. «Abai TV» телеарнасының директоры; 2023 жылдың шілде айынан Басқарма төрайымының орынбасары.

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданында туғандар