Ғұрыптық тіл – бұл ерекше салаларда ғана қолданылатын культтық тіл. Мысалы, котолик шіркеуіндегі латын тілі, провославян дініндегі шіркеулік славян тілі, хиндизмдегі санскрит тілі, буддизмдегі поли тілі, мұсылман дініндегі араб тілі т.б.Абасилов А. Әлеуметтік лингвистика сөздігі. – Алматы, 2016.- 71 бет.

Тілдерді белгілі бір типтерге бөлуде шетелдік ғалымдар зерттеулеріне назар аударсақ, А.Мартине тілдің мынадай үш сатыдан тұратын пирамида түріндегі қызметтік сипаттамасын ұсынады: диалекілер мен жергілікті жерлерге тән тілдер; тар көлемде таралған тілдер; аралық-тілдер. Ал У.Стюарт тілдердің мынадай типологиясын көрсетеді: нормаланбаған ана тілі; нормаланған, бірақ қазіргі кезде қолданылмайтын тіл; аралас тіл (пиджиндер тәрізді); жасанды және маргиналды тілдер. Ч.Фергюссон тілдерді мынадай үлгіде топтастырып көрсетеді. негізгі тіл; екінші дәрежелі тіл; арнаулы тіл. Швейцер А.Д., Никольский Л.Б. Введение в социолингвистику – Москва: Наука, 1976. – С. 87-88, 100; Никольский Л.Б. Аталған еңбек. 39-40-б.; Швейцер А.Д. Вопросы социологии в современной американской лингвистике. –Ленинград: Наука, 1971. –С. 74-80. Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушісінің саны мен атқарып келе жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады: қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер; қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер; қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер. Алғашқы топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердің ішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей, өзбек, тәжік, украин т.б. тілдері. Хасанұлы. Б «Ана тілі – ата мұра» Алматы, 1992

Дереккөздер