Кировоград облысы (), ауыз. Кировоградщина () — Украинаның орталық бөлігінде орналасқан облыс. 1939 жылы 10 қаңтарда Украин КСР-і құрамында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен құрылып, орталығы Кировоград қаласы болды (2016 жылдың 14 шілдесінен бастап Кропивницкий деп аталады). Облыстың атауын өзгерту мәселесі Украина Жоғарғы Радасында 2019 жылдан бері талқыланып келеді.
Днепр мен Оңтүстік Буг өзендерінің аралығында, Днепр маңы қыратының оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Кропивницкий. Басқа ірі қалалары —Александрия, Светловодск, Знаменка, Долинская, Новоукраинка, Гайворон, Новомиргород және Бобринец.
Облыс аумағының басым бөлігі Днепрдің оң жағалауында орналасқан. Солтүстігінде Черкассы облысымен, солтүстік-шығысында — Полтава облысымен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында — Днепропетровск облысымен, оңтүстігінде — Николаев және Одесса облыстарымен, батысында — Винница облысымен шектеседі. Добровеличковка кентінде Украинаның географиялық орталығы орналасқан деп есептелген. Кейін Украина Табиғи ресурстар мемлекеттік комитеті елдің географиялық орталығы Марьяновка ауылында орналасқанын анықтады.
Физикалық-географиялық сипаттамасы
Дереккөздер
Санат:Кировоград облысы Санат:Украина облыстары