Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев (5 сәуір 1987 жыл) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Білімі Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.
2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.
2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
2022 жылғы шілдеден бастап Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылы 17 қарашада Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.
Марапаттары және атақтары Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Мақсат Тұрлыбаев Статистика бюросының басшысы болып тағайындалды
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері