«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығымен Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
Медал туралы ереже Медальмен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жалпы күнтізбелік 25 және одан да көп жыл қызмет атқарған және қызмет өткеруінде оң сипатталған әскери қызметшілер марапатталады.
Сипаттамасы Медаль жезден жасалған және сары түсті тегіс екі қырлы сәулелері бар дөңес бес бұрышты жұлдыз пішінге ие, оның ұштарының арасындағы бос орындарда әскери құрамның негізгі салаларындағы танымбелгілері бейнеленген бес қалқан көрсетілген. Медальдің ортасында сақина түрінде айналасын «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ардагері» деген жазумен қоршалған күннің, қалықтаған қыранның және алтын гүлдердің лавр бұтағы бейнелері бар. Медалдың бет жағы тотыққан.
Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері — 38 мм.
Медалдің арт жағында ортасында «25 жыл» деген жазу жазылған. Медальдың артқы жағы күңгірт келеді.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 17 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен алмасып тұратын төрт сары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі қызыл жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені — 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
Медал Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
Тағы қараңыз «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі «Мінсіз қызметі үшін» медалі
Дереккөздер
Униформиус Қазақстан Қарулы Күштерінің мекемелік марапаттары (2013) // Fact Military : Сайт.
Санат:Қазақстан медалдары