Джон Таунер Уильямс (; 8 ақпан 1932 жыл) — американдық композитор және дирижёр. Шығармашылығы жеті онжылдықты қамтитын композитор кино тарихындағы ең танымал және сыни тұрғыдан жоғары бағаланған фильмдердің музыкаларын жазды. Олардың ішінде: «Жұлдызды соғыстар» сагасы, «Жақтар», «Индиана Джонс», «Өзге ғаламшарлық», «Юра кезеңінің саябағы», «Шиндлердің тізімі», «Хәрри Поттер және пәлсапа тас» және т.б. Уильямс сонымен қатар төрт Олимпиада ойындарына, көптеген телехикаяларға және концерттік нөмірлерге музыка жазды.

Уильямс – «Оскар сыйлығы» жүлдесінің 5 дүркін лауреаты («Шатырдағы скрипкашы», «Жақтар», «Жұлдызды соғыстар: Эпизод IV - Жаңа үміт»,«Өзге ғаламшарлық», «Шиндлердің тізімі» фильмдері үшін), 54 дүркін номинанты (кинокомпозиторлар ішіндегі үздік нәтиже және «Оскар сыйлығы» тарихындағы екінші көрсеткіш (тек Уолт Диснейде ғана көп — 59)). Өнерге сіңірген еңбегі үшін «АҚШ ұлттық өнер медалінің» лауреаты. Ол 4 рет «Алтын глобус» сыйлығымен (26 номинация) , 7 рет BAFTA сыйлығымен (16 номинация), 3 рет «Эмми» сыйлығымен (6 номинация) және 26 рет «Грэмми» сыйлығымен (76 номинация) марапатталды.

Уильямс Стивен Спилберг (29 бірлескен жұмыс) және Джордж Лукас сияқты жетекші американдық режиссёрлермен ұзақ жылдар бойы серіктестігімен танымал.

Өмірбаяны Джон Таунер Уильямс 1932 жылы 8 ақпанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Әкесі – Джон Фрэнсис Уильямс () джаз барабаншысы және перкуссияшы болған.

1948 жылы Уильямстың жанұясы Лос-Анджелеске көшіп келеді. Осы уақытта Джон жергілікті Солтүстік Голливуд орта мектебіне оқуға түсіп, оны 1950 жылы бітіреді. Кейінірек ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде оқып, итальяндық композитор Марио Кастельнуово-Тедескодан сазгерліктің жеке сабақтарын алады.

Санат:Дирижерлер Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Сатурн сыйлығының иегерлері