Андрей(c) Юрянс (Юрян) (; , Эргли – , Рига) — Латвиялық сазгер және фольклортанушы, латыш классикалық музыкасының негізін салушылардың бірі.
Өмірбаяны Андрей Юрьянс 1875 жылдан бастап Санкт-Петербург консерваториясында білім алды. Ол алдымен Луи Гомилиустың орган сыныбында, содан кейін Н.А. Римский-Корсаковтың композиция сыныбында оқыды.
1877 жылы Юрьянның алғашқы жазған әні жарық көрді. Консерваторияны тәмамдағаннан кейін 1882 – 1916 жж. Харьков қаласында сабақ берді, сонымен бірге ұлттық музыкалық фольклорын жинаушы, зерттеуші және өңдеуші ретінде Латвияның музыкалық өміріне белсенді түрде қатысып бастады.
Өзінің 2000-ға жуық күйден тұратын «Латвия халық музыкасының материалдары» атты төрт томдық еңбегімен Юрьянс осы бағыттағы барлық зерттеулердің негізін қалаушы болды.
Бауырларымен бірге ол үнемі Латвия ән фестиваліне қатысты.
Юрьянс қайтыс болғаннан кейін оның жұмыстарын ағасы Павел Юрьянс толықтырды (5-бөлім). Юрьянстың жеке жазбалары да негізінен фольклорлық материалға негізделген. Андрей Юрьянс Ригадағы Орман зиратында жерленген.
Жұмыстары Кантаталар: «Отчизне» (; 1886); «Пир Валтасара»; «К столетию присоединения Курляндии к России» және басқалары. «Освобождение латышского народа» симфониялық картинасы (; 1891); Көптеген хор және вокалдық шығармалар.
Әдебиет Бернштейн Н. Д.,. Юрьян, Андрей Андреевич // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
Санат:Санкт-Петербург консерваториясы түлектері Санат:Латвия фольклортанушылары