Иран Жоғарғы көсемі, (, Rahbar-e Moazam-e Irân, 10px оқылуы) кейде Рахбар (رهبر, Rahbar, Көшбасшы), ресми атауы — Жоғары басшылық органы (مقام معظم رهبری, Maqâm Moazam Rahbari) — Иран Ислам Республикасындағы ең жоғарғы саяси және діни лауазым, мемлекет басшысы. Қарулы күштер, сот жүйесі, мемлекеттік радио және теледидар және басқа да негізгі үкіметтік ұйымдар, мысалы, Сақшылар кеңесі және Нысаналылық кеңесі Жоғарғы Көшбасшыға бағынады. Конституцияға сәйкес, Жоғарғы көсем Ислам Республикасының жалпы саясатын (110-бап), заң шығарушы, сот және атқарушы билік тармақтарын қадағалайды (57-бап). Лауазымның қазіргі иесі, Моджтаба Хаменеи, бұрын әкесіндей Ирандағы экономика, қоршаған орта, сыртқы саясат, білім, ұлттық жоспарлау және басқарудың басқа аспектілері бойынша жарлықтар шығарып, соңғы шешімдерді қабылдайды. Лауазым иесі сондай-ақ сайлаудың әділетті өткенін растайды және президент кабинетінің тағайындауларын қызметінен босатып, қалпына келтіре де алады. Жоғарғы көсем заңды түрде «қол сұғылмайтын» делінеді, ирандықтар оның билігіне күмән келтіргені, не оны қорлағаны үшін үнемі жазаланады.
Бұл лауазымды аятолла Рухолла Хомейни 1979 жылы Иран Конституциясымен қатар құрылды және оның иесі бұл қызметте өмірбақи қалады. Бастапқыда конституция Жоғарғы көсемнен Усули Онекілік шиит исламының діни заңдарындағы ең жоғары лауазымды дін қызметкері, Марджа ат-таклид болуын талап етті. Алайда 1989 жылы конституцияға түзетулер енгізіліп, Жоғарғы көсемге қойылған шарт әлдеқайда түсірілді. Өз тарихында Иран Ислам Республикасының екі ғана Жоғарғы көсемі болды: 1979 жылдан 1989 жылы қайтыс болғанына дейін бұл лауазымды атқарған Хомейни мен сол жылдан 2026 жылға дейінгі ізбасары — Әли Хаменеи. Хаменеидің өлімінен кейін лауазымның өкілеттіктерін үш мүшелі Уақытша басшылық кеңесі орындай тұрды да, 2026 жылғы 8 наурызда үшінші көсем болып Моджтаба Хаменеи сайланды.
Тағайындалуы Жоғарғы көсемді Сарапшылар кеңесі (مجلس خبرگان, Majles-e Khobregan) сайлайды. Бұл кеңес — Жоғарғы көсемді лауазымына тағайындауға да, одан босатуға да құқылы елдегі жалғыз орган.
Міндеттері және өкілеттіктері Конституция, жарлықтар мен өзге де заңдардың Жоғарғы көсемге берген өкілеттіктері мен міндеттері: Нысаналылық кеңесімен кеңесу арқылы Иран Ислам Республикасының жалпы саясатын анықтау; Жүйелер жалпы саясатының дұрыс орындалуын қадағалау; Биліктің үш тармағы арасындағы қайшылықтарды шешу; Ұлттық референдум жариялау; Қарулы күштерге басшылық ету; Соғыс, бейбітшілік және әскер мобилизациясын жариялау; Парламент қабылдаған заңдарға вето қою мүмкіндігі; Төмендегі шенеуніктерді тағайындау, қызметінен босату және олардың отставкаларын қабылдау: Нысаналылық кеңесінің мүшелері; Мәдени төңкеріс жоғарғы кеңесінің мүшелері; Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің құрамындағы екі өкіл; Биліктің әр тармағына өз өкілін тағайындай алады. Әли Хаменеидің үкіметтің түрлі органында қазір 2000-ға жуық өкілі бар; Сақшылар кеңесіндегі екі фақиһ; Елдегі сот билігінің басшысы; Қорғаныс, барлау, сыртқы істер және ғылым министрлері; Иран Ислам Республикасындағы телерадио желісінің басшысы; Бірлескен штаб басшысы; ел Қарулы күштерінің басты қолбасшысы; Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылары. Министрлерді қызметінен босатып та, орнына қайта тағайындай да алады; Қарулы күштердің үш қанаты арасындағы келіспеушіліктерді шешу және олардың қарым-қатынастарын реттеу; Дәстүрлі әдістермен шешілмейтін мәселелерді Нысаналылық кеңесі арқылы шешу; Иранда халық тарапынан Республика президентінің сайлауын рәсімдеу туралы жарлыққа қол қою; Жоғарғы Сот оны конституциялық мiндеттерiн бұзғаны үшiн кiнәлi деп танығаннан кейiн, не Конституцияның 89-бабына сәйкес Исламдық ақылдастық кеңес (Парламент) оның iс-әрекетке қабілетсіздігін айғақтайтын импичмент дауысынан кейін Республика Президентін ел мүдделерін ескере отырып, қызметінен босату; Әділет органы басшысының ұсынысы бойынша исламдық өлшемдер шеңберінде сотталғандарға кешірім жасау немесе жаза мерзімін қысқарту. Жоғарғы көсем осы жайлы өз міндеттері мен өкілеттіктерінің бір бөлігін басқа адамға бере алады; Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің шешімдерін қабылдау, бекіту; басшылық ету.
Жоғарғы көсемдер тізімі
Жоғарғы көсемдігі Суреті Аты-жөні Туған жері Қосымша ақпарат 1 3 желтоқсан 1979– 3 маусым 1989 115px Хомейн, Меркези останы 1979 жылғы Иран төңкерісінің басшысы, және Иран Ислам Республикасының негіздеушісі. 2 4 маусым 1989– 28 ақпан 2026 115px Машһад, Хорасан-Резави останы 1981 жылғы Хомейнидің өліміне дейін Иран президенті қызметінде болды. 3 8 наурыз 2026– 115px Машһад, Хорасан-Резави останы Ізашары Әли Хаменеидің ұлы.
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Иран мемлекеттік құрылымы Санат:Иран саясаты