Қара ағартушылық (), көбіне неокертартпа қозғалысы (, NRx) — демократияға және эгалитаризмге қарсы кертартпа қозғалыс, саяси философия және идеология.

Идеология әлемнің ерте ме, кеш пе либералды демократия мен конституциялық монархияға айналуын және осылайша азаттыққа қол жеткізуін жоққа шығарады, оған қарсы шығады. Идеология биліктің және қоғамның дәстүрлі түрлеріне, соның ішінде абсолюттік монархияға және камерализм сияқты авторитарлық билік жүйелеріне оралуды жөн көреді.

Тарихы Неокертартпашылар — 2000 жылдардан бері белсенді блоггерлер мен саяси теорияшылардың бейресми тобы. Идеологияны аса көп таратқан тұлғалардың бірі — блоггер және жазушы Стив Сайлер, ол Томас Карлейль мен Юлиус Эвола сияқты жазушылардан шабыт алған еді.

2007 және 2008 жылдары инженер-бағдарламашы Кёртис Ярвин Менсиус Молдбаг есімінен жаза отырып, қара ағартушылық ойлауын түсіндірген жазба шығарды. Ярвиннің теорияларын философ Ник Ланд әзірлеп, кеңейтті де, аттас эссесінде «Қара ағартушылық» терминін енгізді.

Идеологиясы Ник Ландтың идеялары бостандықтың демократиямен үйлеспейтіндігіне негізделген. Ланд өзінің «Қара ағартушылық» эссесінде Питер Тиль сияқты либертаристерден шабыт алғанын айтты. Журналистер мен сарапшылар Неокертартпа қозғалысын альт-оңшыл және неофашистік деген. 2016 жылы жазылған New York Magazine журналының мақаласында неокертартпа қозғалысының демократияға қарсылығы және авторитаризмді жақтауы айтылған.

Ланд «Фашизм, негізінен, — антикапиталистік қозғалыс» деп, оның идеялары мен фашизм арасындағы ұқсастықты жоққа шығарып, өз идеологиясын «[капиталистік] корпоративтік билікті» қалауым деп сипаттайды.

The Guardian журналына жазған тарихшы Джо Мулхолл Ник Ландты «өте оңшыл идеяларды насихаттайтын» деп сипаттады. Неокертартпашылықтың шектеулі онлайн аудиториясына қарамастан, Мулхолл идеологияны «альтернативті оңшылдықтың негізгі түрі» деп те атады.

Тағы қараңыз

Акселерационизм Аристократия Монархия Әлеуметтік дарвинизм Дәстүрлі үстемдік Палеоконсерватизм Альтернативті оңшылдар

Дереккөздер

Санат:Консерватизм Санат:Ультраоңшылдар Санат:Саяси теориялар Санат:Ой бағыттары