Сабри Улькер (; 1920 – 2012 ж. 12 маусым) — әлемге әйгілі тәттілер мен сусындар өндіретін Ülker компаниясының негізін қалаған түрік кондитері.

Өмірбаяны Сабри Улькер Алушта Қырым маңында Корбек ауылында қырым татарларының отбасында дүниеге келген. 1929 жылы оның отбасы Түркияға біржолата қоныс аударады.

1944 жылы Сабри Улькер ағасы Асиммен бірге ауданы 100 м2 шағын наубайхана сатып алып, күлше пісіре бастайды. 1974 жылы Улькер күлшелері әлемдік нарыққа шықты. Дәл осы жерден табысты кәсіпкер және меценат, діндар мұсылман және YILDIZ холдингінің құрметті президенті Сабри Улькердің өрлеуі басталды.

2000 жылдан бастап холдинг ісін ұлы Мұрат басқарады. Түркияның ең бай адамдарының бірі болған Сабри Улькер өмірінің соңғы жылдарында тек қайырымдылық және әлеуметтік жобалармен айналысқан. Ол жаңа кітапханалар ашуға, мектептерге компьютерлер сатып алуға және түрік студенттеріне көмектесуге ақша салды. Сабри Улькер 2012 жылы 12 маусымда 92 жасында дүниеден өтті. Сабри Улькер Ыстанбұлда жерленді, оның жерлеу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ыстанбұл губернаторы Хусейн Авни Мутлу, Ыстанбұл мэрі Кадир Топбаш, Түркия үкіметінің бірнеше министрлері, сондай-ақ басқа да бірқатар көрнекті түрік саясаткерлері қатысты. Қырым татар халқы мәжілісінің төрағасы Мұстафа Джемилев атақты кондитерлік магнаттың дүниеден өтуіне қатысты:

Сабри Улькердің компаниясына қатысты барлық құқықтар оның ұлы Мұрат Улькерге мұраға қалды. Сабри Улькер көзі тірісінде-ақ «шоколад патшасы» атанған.

Дереккөздер

Санат:Түркия кәсіпкерлері Санат:Түркия кондитерлері