Курск облысы (, ) — Ресей құрамындағы федералды субъектісі, облыс. Әкімшілік орталығы — Курск қаласы. 2021 жылғы санақ бойынша облыстың халық саны 1,082,458 адам болған.
Тарихы нобай|солға|Курскідегі хоровод, 1860, суреті Бұл аумақты северяндар славян тайпалары мекендеп жүрген. 830 жылдан бастап Курск Орыс қағанаты мен Киев Русі мемлекеттерінің құрамына кірді. Курск облысының аумағы соңғы мұз дәуірінің соңынан бері қоныстанғанымен, Курск бекінісінің салынған 1596 жылға дейін қалалар туралы мәліметтер аз. Аумақтағы ең көне қалалар — Курск пен Рыльск, олардың атаулары 1032 және 1152 жылдары тұңғыш рет айтылған көрінеді. XIII ғасырда аймақты Моңғол империясы жаулады.
XV ғасырда аймақ Ұлы Литва кінәздігінің бөлігі болды. Ол Орыс-литва соғыстарында Ұлы Мәскеу кінәздігінің қолына түсті. 1601–1603 жылдардағы орыс ашаршылығынан кейін Орталық Ресейден үлкен көші-қонмен Курск төңірегінде нақты өсу басталды. Облыстың шеттеріндегі Суджа сияқты жерлер XVII ғасырда Слободалық Украинаның құрамында болды және ол жерде украиндар тұрды. 1708 және 1719 жылдар аралығында Курск жаңа құрылған Киев губернаторлығының құрамында болған. 1727 жылдан бастап Курск уезі Белгород губернаторлығының құрамына кіретін болды.
1779 жылғы 23 мамырда Курск губернаторлығы құрылды. Қазан төңкерісінен кейін қазіргі облыстың бір бөлігі және Суджа қаласы 1922 жылға дейін Кеңестік Украинаның бір бөлігін құрады. Курск Украина уақытша жұмысшы-шаруа үкіметінің құрылған жері болды, ал Суджа 1918 жылғы қараша–желтоқсан айларында оның бірінші орны болды.
1934–1954 жылдар аралығында облыстардың шекаралары жиі түзетіліп жатты. Алайда облыстың аумағы мен шекарасы 1954 жылдан бері тұрақты болып қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Курск облысының аумағын 1941 жылғы күзден 1943 жылғы жазға дейін неміс әскерлері басып алды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірі болған Курск шайқасы аймақта 1943 жылғы 5 шілде мен 1943 жылғы 23 тамыз аралығында өтті.
Курск облысының аумағы Кеңес Одағының 4-басшысы Никита Хрущёв дүниеге келген аймақ болды.
2024 жылғы тамызда Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында украин әскерлері Курск облысының шекарасын кесіп өтті де, нәтижесінде облыстың бір бөлігі украин оккупациясына түсті.
Географиясы нобай|оңға|Курск облысының көрінісі нобай|оңға|Курск облысындағы сары қыпшақ мүсіні Курск облысы солтүстік-батысында Брянск облысымен, солтүстігінде Орёл облысымен, солтүстік-шығысында Липецк облысымен, шығыста Воронеж облысы, оңтүстігінде Белгород облысы және батыста Украинаның Сумы облысымен шектеседі.
Орта-Ресей үстіртінің оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Жер беті қыратты, жыралармен қиылысады. Облыстың орталық бөлігі батыстағы Сейм өзені аңғарынан биік. Орташа биіктігі 177–225 метр және Тимско-Щигринский жотасы теңіз деңгейінен 288 метр биіктіктегі ең биік нүктесін қамтиды.
Курск облысы екі негізгі дренаждық аймаққа үлес қосады: Днепр және Дон өзендері. Облыста жалпы ұзындығы шамамен 8,000 километр болатын 902 өзен мен бұлақ бар. Негізгі өзендерге Сейм және Псёл жатады.
Табиғи ресурстары Курск облысы Ресейдегі темір рудасын өндіретін ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Курск магниттік аномалиясының ауданы әлемдегі ең бай темір рудалы кен орындарының бірі болып табылады. Облыста отқа төзімді балшық, минералды құм, бор қазылып, өңделеді. Облыстағы артезиан суының қоры емдік мақсатқа пайдалы болып отыр.
Климаты Облыстың Ресейдің еуропалық бөлігінің орталығында орналасуы аймаққа орташа континенттік климатты береді: жылы жаз және салыстырмалы түрде жұмсақ қыс. Шілдеде орташа күндізгі жоғары температура +19,3 °C. Қаңтардағы орташа ең жоғары температура -8,6 °C. Аязсыз күндердің орташа саны солтүстікте 150-ден оңтүстікте 160-қа дейін. Курск облысындағы вегетациялық кезең солтүстікте 180 күннен оңтүстік-батыста 195 күнге дейін өзгереді. Жауын-шашынның шыңы маусым мен шілде айларында болады. Жылдық күн сәулесі 1,775 сағатты құрайды.
Флорасы және фаунасы Курск облысы Шығыс Еуропа орманды даласының бір бөлігін құрайды. Кезінде Курск облысының төрттен бір бөлігі қалың орман болатын. Қатты ағаштарға емен, шаған және шегіршін кірді. Қазір ормандар облыстың 10 пайызын ғана алып жатыр. Бұл аймақта мекендейтін жануарлар өте көп. Жергiлiктi өзендерде шортан, үкішабақ пен алабұға көп. Кәмшат және борсық, сондай-ақ жабайы шошқа, кермарал мен елік бұл аймақтың көптеген жерлерінде әлі де көп.
Әкімшілік бөлінісі Облыстық маңызы бар аудан мен қалалары № Туы Елтаңбасы Атауы Орысша атауы Ауданы(км²) Халық саны(2021 санақ) Тығыздығы,адам/км² Облыстық маңызы бар қалалар 1 50px 50px Курск қаласы город Курск Курск 189 440,052 2 50px 50px Железногорск қаласы город Железногорск Железногорск 112 95,578 3 50px 50px Курчатов қаласы город Курчатов Курчатов 55 39,167 4 50px Льгов қаласы город Льгов Льгов 38 16,779 5 50px Щигры қаласы город Щигры Щигры 21 14,386 Облыстық маңызы бар аудандар (муниципалдық округтер) 6 50px 50px Белая ауданы Беловский район Белая слободасы 950 14,659 16.7 7 50px Большое Солдатское ауданы Большесолдатский район Большое Солдатское ауылы 780 10,599 14.8 8 50px Глушково ауданы Глушковский район Глушково жұмысшылар кенті 860 20,024 23.6 9 50px Горшечное ауданы Горшеченский район Горшечное кенті 1,400 14,678 12.0 10 50px Дмитриев ауданы Дмитриевский район Дмитриев қаласы 1,270 13,936 12.3 11 50px Железногорск ауданы Железногорский район Железногорск қаласы 991 15,478 16.4 12 50px Золотухино ауданы Золотухинский район Золотухино кенті 1,150 21,151 19.4 13 50px Касторное ауданы Касторенский район Касторное кенті 1,230 14,333 12.9 14 50px 50px Конышёвка ауданы Конышёвский район Конышёвка кенті 1,070 8,425 8.4 15 50px Коренево ауданы Кореневский район Коренево кенті 850 15,018 19.5 16 50px Курск ауданы Курский район Курск қаласы 1,620 54,521 35.4 17 50px Курчатов ауданы Курчатовский район Курчатов қаласы 700 17,497 26.6 18 50px Льгов ауданы Льговский район Льгов қаласы 1,080 11,942 11.9 19 50px Мантурово ауданы Мантуровский район Мантурово ауылы 1,010 11,375 12.6 20 50px 50px Медвенка ауданы Медвенский район Медвенка кенті 1,090 16,324 15.0 21 50px Обоянь ауданы Обоянский район Обоянь қаласы 1,090 27,923 27.3 22 50px Октябрьский ауданы Октябрьский район Прямицыно кенті 620 23,164 39.6 23 50px Поныри ауданы Поныровский район Поныри кенті 690 10,893 16.3 24 50px Пристень ауданы Пристенский район Пристень кенті 1,010 14,326 15.5 26 50px Советский ауданы Советский район Кшенский кенті 1,150 16,348 15.3 27 50px Солнцево ауданы Солцневский район Солнцево кенті 1,150 16,348 15.3 28 50px Суджа ауданы Суджанский район Суджа қаласы 1,010 25,119 26.1 29 50px Тим ауданы Тимский район Тим кенті 850 10,208 13.0 30 50px Фатеж ауданы Фатежский район Фатеж қаласы 1,300 16,771 14.4 31 50px 50px Хотумовка ауданы Хотумовский район Хотумовка кенті 1,150 8,539 8.4 32 50px Черемисиново ауданы Черемисиновский район Черемисиново кенті 840 7,804 11.1 33 50px 50px Щигры ауданы Щигровский район Щигры қаласы 1,220 9,470 8.7
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша әкімшілік бірліктер