Қаражар — Наурызым қорығының оңтүстік бөлігіндегі тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Сарышығанақ ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан. Обаған өзенінің алабында. Теңіз деңгейінен 124 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,6 км 2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,5 км. Көл көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қуаң жылдары алабы тартылады.

Жағалау сипаты Құмнан түзілген жағалауы ашық, жайпақ. Кейбір бөліктерінде қамыс, құрақ өскен.Жағалауы шабындық және мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Санат:Науырзым ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы