нобай|оңға|390x390px|Владимир Путин үндеуінің бейнесі, ол арқылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталған еді. 20:24 уақытында Путин басып кіруді ресми түрде жария қылады. Владимир Путиннің Украинаға басып кіруі туралы үндеуі () — Ресей президенті Владимир Путиннің 2022 жылғы 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінің алдында Ресей азаматтары мен Украина Қарулы күштерінің әскери қызметкерлеріне арнаған телехабары. Үндеудің негізгі мақсаты қоғамдық пікір дайындау және Ресей басшылығы қабылдаған шешімнің себептері мен уәждерін түсіндіру болды. Президент үндеуінің нақтылығы мен идеялық мәні көпшіліктің сынына ұшырады. Басқыншылықты ақтау мақсатымен Владимир Путин Украинаны Донбасстағы геноцидті басқаратын неонацистік мемлекет деген шындыққа жанаспайтын тұжырым пайдаланды.

Үндеу 2022 жылғы 22 ақпанда, Мәскеу уақытынша сағат 5:30-да ресейлік телеарналар Ресей президенті Владимир Путиннің үндеуін көрсете бастады. Үндеуінде ол бұл нәрселер жайлы айтты:

НАТО қолдаған Украина — «Ресейге қарсы» мемлекет Путин өз сөзінде НАТО-мен тең шарттарда келісімге келуді мүмкін емес деп, әскери одаққа «шығысқа қарай кеңейіп келеді» деген айып тақты. Путин өз Жолдауында НАТО-ның кеңеюін жиі атап өтіп, оны және Украинаның әскери дамуын «қабылданбайтын» деп атады. Ол:

Путин Украина «Ресейге қарсы мемлекетке» айналып жатыр, ол НАТО тарабынан «ең заманауи қару» да алып жатыр деді:

Украиналық Донбастағы «арнайы әскери операция» жариялауы Путин Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына (өзін-өзі қорғау құқығы туралы), Украинада Ресей әскерін пайдалану туралы Федерация Кеңесінің шешіміне және Ресей Федерациясының Донецк Халық Республикасы (ДХР) және Луганск Халық Республикасымен (ЛХР) келісімдеріне сілтеме жасай отырып, Донбасс аймағында «арнайы әскери операция» басталғанын хабарлады. Ол былай деді:

Бірнеше күн бұрын, 21 ақпанда Ресей ДХР мен ЛХР тәуелсіз мемлекеттер ретінде мойындаған еді және Путиннің бұл республикалармен келісімдері осы еді. Оларды Мемлекеттік дума мен Федерация Кеңесі ратификациялаған еді. Ол «операцияның» Донбасстағы орыстілді халықты «қорғап қалу» үшін жасалғанын айтты, оның сөзінше бұл халық сегіз жыл бойы «Киев режімінен кемсітушілік пен геноцид көрген». Путин, оған қоса, Украинаның «демилитаризациясын және денацификациясын» мақсат көргенін айтты.

Украина халқына үндеуі Путин украиндық әскерилерді «дереу қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға» шақырды: «Осы талапты орындаған Украина армиясының барлық әскери қызметшілері шайқас аймағын еркін тастап, отбасыларына орала алады. Ықтимал қантөгіске деген бүкіл жауапкершілік [осылайша] толығымен Украина аумағында билеуші ​​режимнің ар-ожданында болады». Украина азаматтарына сөйлеген сөзінде ол Ресейдің әрекетін өзіне жасалған қауіп-қатерлерден өзін-өзі қорғау деп атады: «Қаншалықты қиын болса да, түсінулеріңізді, осы қайғылы парақты аударып, бірге алға жылжу үшін өзара әрекеттескеніңізді сұраймын».

Путин Украина жерін жаулауға ниеті жоқ екенін, елдің өзін-өзіне билеу құқығын қолдайтынын айтты.

Шетелдің араласуына қарсы сөзі Үндеуінің соңында Путин шетел елдерінің бұл іске араласуына қарсы шығып, былай деді:

Басқыншылықтың басы Путиннің үндеуі 23-ақпан күні кешке басталған Украинадағы жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында көрсетілді. Жиынның өзінде Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя: «Біз украин халқына емес, Киевтегі билікті басып алған топқа қарсы агрессия жасап жатырмыз» деп мәлімдеді.

Путин үндеуінен бірнеше минут өткенде Киев, Харьков, Одесса мен Донбасста жарылыс естілді. Киев уақытынша сағат 5:00-ке қарай Ресей Әуе-ғарыштық күштері мен Ресей Әскери-теңіз флоты Украина әскери нысандарына зымыран мен бомба лақтырды. Дәл осы кезде Ресей Құрлықтағы әскерлері түрлі жақтардан, соның ішінде жауланған Қырым жерінен және Беларусь жерінен, Украина жеріне басып кірді де, Ресейдің Украинаға басып кіруі осылайша басталды.

2022 жылғы 20 шілдеде The New York Times газетінің хабарлауынша, Лавров Ресей Украинаның шетелден алатын әскери көмегінің ұлғаюына жауап ретінде Запорожье мен Херсон облыстық әскери нысандарына түрлі «арнайы операциялар» жасалмақ болғанын хабарлады.

Путин тұжырымдарын талдау НАТО жайлы тұжырымдары Украина — НАТО ұжымдық қауіпсіздік альянсының мүшесі емес. Өзіне мүше емес мемлекеттердегі НАТО-ның әскери бөлімшеге ие болғаны тарихта екі-ақ рет орын алды: Косово мен Иракта, екі жағдайда да үкіметтерінің өтінішінше. 2014 жылғы Ресейдің Қырымды заңсыз аннексиялағанына дейін НАТО мен Ресей ынтымақтасқан еді. 2014 жылғы Ресейдің Қырым мен Донбасты басып алған кезде Украина еш әскери ұйымға мүше емес ел еді. Жауап ретінде Украина парламенті өзінің «ешбірге мүше емес» статусын тоқтатты да, НАТО-ға мүшелікті Конституциясына енгізді.

Әуе апатынан қайтыс болмас бұрын ресейлік олигарх Евгений Пригожин Ресей әскери басшылығын НАТО агрессиясы туралы өтірік айтты деп айыптады. Пригожин бұрын Путиннің жақын сенімді адамы еді және оның Вагнер тобы басып алуда маңызды рөл атқарды.

БҰҰ Жарғысының 51-бабы Путиннің БҰҰ Жарғысының 51-бабына сілтеме жасағанын түрлі заңгерлер қате деді. Халықаралық қатынастар жөнiндегi кеңестің мүшесі III Джон Б. Беллинджер сөзінше, 51-бап БҰҰ мүше-мемлекетінің басқа мүше-мемлекетіне әскери қолдау көрсетуі туралы еді және ЛХР мен ДХР БҰҰ мүше-мемлекеттері емес. Путиннің 51-бапты «қолданғанына» құқығын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш жоққа шығарды.

Геноцид жайлы айыбы Путиннің Украина Донбасста геноцид жасады деген айыптауын басқа елдер мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЮНЕСКО-ның Геноцидтің алдын алу жөніндегі комиссиясы негізсіз деп бағалады. Геноцид жайлы маманданған 300-ден астам ғалым Ресейдің бұл тұжырымын жалған сылтау деді. Украина Ресейдің талап-арызын даулау үшін БҰҰ Халықаралық сотына (ХС) жүгінді. ХС Украина тарапынан жасалған геноцидтің ешқандай дәлелін көрмегенін айтты.

Неонацизм жайлы айыбы Путиннің Украинаны неонацистік мемлекет деп атағанын түрлі тарихшы мен мамандар жоққа шығарды. Нацизм мен Холокост жайлы маманданған түрлі сарапшылар бірігіп Путин сөзіне қарсы үндеу жасады. Авторлар Украинада кез келген ел сияқты «оңшыл экстремистер мен зорлық-зомбылықшыл ксенофобиялық топтар бар» дейді, бірақ «мұның ешқайсысы Ресей агрессиясы мен Украинаны өрескел қате сипаттауды ақтамайды».

Дереккөздер

Санат:Владимир Путиннің үндеулері Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі Санат:24 ақпан оқиғалары Санат:Украинаға басып кіру кезіндегі Ресейдегі үгіт-насихат (2022)