Қазақ ұлттық хореография академиясы — Астана қаласында орналасқан балет әртістерін дайындайтын жоғары оқу орны. Академия 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
Тарихы «Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес АҚ 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. 2021 жылғы 30 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
Орталық Азиядағы алғашқы көп деңгейлі білім беру жүйесін қамтитын бірегей балет академиясын құру идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.Академия туралы
Құрылымы Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі Өнер факультеті Хореография факультеті Кәсіптік білім берудің мектеп-колледжі
Кафедралар Педагогика кафедрасы Режиссура кафедрасы Өнертану және арт-менеджмент кафедрасы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан университеттері Санат:Астана жоғарғы оқу орындары