Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов (11 мамыр 1976, Қарағанды, Қазақ КСР) — қазақстандық дипломат, елші. I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші. Оралбай Әбдікәрімовтің баласы.

Өмірбаяны 1976 жылы 11 мамырда Қазақ КСР (қазіргі Қазақстан) Қарағанды қаласында Оралбай мен Жамал Әбдікәрімовтердың отбасында дүниеге келді. Арғын тайпасының Қуандық руының тоқа бөлімінен шыққан.

Білімі 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), 2002 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын “халықаралық қатынастар маманы” мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы 1998—1999 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, Еуропа және Америка департаментінің референті; 1999—2000 — Қазақстанның Кореядағы елшілігінің атташесі; 2000—2002 — Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында тыңдаушы; 2002—2002 — Қазақстан сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы; 2002—2004 — Қазақстанның Австриядағы елшілігінің екінші хатшысы; 2004—2005 — Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы; 2005—2005 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі ақпараттық-талдау жұмыстары және болжамдық бағалаулар департаментінің директоры; 2005—2007 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің директоры; 2008—2009 — Қазақстанның Болгариядағы уақытша сенімді өкілі; 2009—2012 — Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ЕҚЫҰ департаментінің директоры; 2012—2014 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі; 2014—2015 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры; 2015—2019 — Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2019—2023 — Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2023 — Қазақстанның Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Жеке өмірі Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Әкесі Оралбай Әбдікәрімов (1944 туған) — мемлекеттік хатшы (2004—2007), парламентінің сенатының төрағасы (1998—2004), президент әкімшілігінің басшысы (1996—1997). Анасы Жамал Ахметқызы Әбдікәрімова (1946 туған).

Бауырлары: ағалары Әлім (1971 туған) мен Қайрат (1972 туған) және сыңары Айжан (1976 туған) Әбдікәрімовтер.

Қазақ, орыс, француз, кәріс және индонезия тілдерін меңгерген.

Марапаттары мен атақтары 2 дәрежелі Достық ордені; І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші; Құрмет ордені; «Еңбек және ерлік үшін» медалі (Украина); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі; Астанаға 20 жыл медалі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Индонезиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Словакиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Чехиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Әзербайжандағы елшілері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері