Дастан Адайұлы Рыспеков (23 маусым 1984 жыл, Жезқазған) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2024–2026 жылдары Ұлытау облысының әкімі.

Білімі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007–2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2016–2018 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры — бас бухгалтері.

2018–2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылғы сәуірден бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Рыспековтің комитетті басқарған тұсында Қазақстанға келген туристерге bed tax салығын төлеу керек болды. Бұл жарна төлеуге әр турист 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті. Салық туристердің қонақ үйге төлейтін сомасының 5% тең. Оның төрағалығы, оған қоса, COVID-19 пандемиясының өршуімен қатар басталды.

2023 жылғы тамыздан бастап Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының орынбасары.

2024 жылғы 9 қазанда Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Лауазымына тағайындалған сәтінде Рыспеков елдегі облысқа және республикалық маңызы бар қалаға басшылық еткен ең жас әкім болды; оның жасы 40-та. Бұл рекордты оған дейін иелеген — әкім Серік Шәпкенов. Ұлытау облысы әкіміне Рыспековтан басқа тағы Ұлантай Үсеновтің де үміткерлігі қарастырылып жатқан еді. 2026 жылғы 17 шілдеде лауазымынан босатылды.Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды

2026 жылғы 9 тамызда Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.РЫСПЕКОВ Дастан назначен государственным инспектором Администрации Президента РК

Дереккөздер

Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Ұлытау облысының әкімдері