Әбілмансұр Әбунасырұлы Серіков (7 желтоқсан 1991, Алматы) — қазақстандық кино және театр актері. ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2020).

Өмірбаяны 1991 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әкесі — Әбунасыр Серіков (1965 ж. т.) — қазақ актері, әзілкеш. «Нысана» миниатюра театрының директоры және көркемдік жетекшісі. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1995).

Анасы — Лиза Серікова (1971 ж. т.) – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2009 жылы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №128 мектепті бітіріп, сол жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (ҚазҰАИ) театр факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы бітірді. (КСРО еңбек сіңірген әртісі, профессор Рахилям Машурованың курсы).

2013-2015 жылдары — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (Алматы қ.). Сахнадағы бастапқы рөлі драматург М. Қабанбайдың «Жиһангез Тити» ертегісіндегі бас кейіпкер – Тити.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық-драма театрының актері (Астана қ.).

Шығармашылығы Театрдағы рөлдері Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры «Тыраулап ұшқан тырналар», реж: Талғат Теменов — Пернебек (Петр); «Аққудың көз жасы...», реж: Талғат Теменов — Садық; «Қызыл орамалды шынарым», Шыңғыс Айтматов, реж: Талғат Теменов — Ілияс; «Отелло», У.Шекспир, — Родриго; «Ақ жауын», А.Вампилов, — Ромео-Рамазан; «Байланыс аясы», Ф.Болонья — Козимо; «Абай», Мұхтар Әуезов, — Мес; «Қараш-Қараш», Қ.Ысқақ — Содар;

Фильмографиясы Жылы Атауы Рөлі Режиссері12005 ф «Шолпанның күнәсі» актер Болат Шәріпов22007 х «Ангелочек» актер Рымбек Әлпиев, Эля Гильман32009 ф «Біржан сал» Мамай Досқан Жолжақсынов42011 ф «Балалық шағымның аспаны» Нұрсұлтан мектептегі кезі Рүстем Әбдірашев52011 ф «Жаужүрек мың бала» Қасым ханның жауынгері Ақан Сатаев62013 х «Вопреки всему» Рүстем Айдын Сахаман72014 х «Одноклассники» Камок82014 х «Сұрбойдақ» актер Асқар Ұзабаев92014 х «Жедел жәрдем-2» актерСерікбол Өтепбергенов102014 х «Ұлжан» актер Серікбол Өтепбергенов112015 х «Несломленный»Дос Виржиния Восгиморукян122015 х «Кеңесшілер»Арман Қанағат Мұстафин132015 ф «Махаббат көктемі»актер К. Абылов142015 х «Жібек» Мирас басты рөл Айдын Сахаманов152015 х «Таңдау» Алдияр басты рөл Нұрғиса Әлмұратов, Айдын Сахаманов162016 х «Сүйе білсең» Бауыржан Ернар Нұрғалиев172019 ф «Ва-банк» АртурӘлішер Өтев182021 х «5:32» ШалқарӘлішер Өтев192021 ф «Дос-Мұқасан» Жарас БақтиярұлыАйдын Сахаман202022 х «Игрок» ДаниярДиас Бертис212022 х «Ауыл мұғалімі» ДаниярЕрнар Нұрғалиев222022 ф «Маған назар аудар» Парктегі жігітАбдусаид Шайхисламұлы232023 ф «Жол» ШоқанБақыт Қадер242024 ф «Қораға кірдік» ТукаОлжас Нұрбай

Дереккөздер

Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары