Вараждин жупаниясы () — Хорватияның солтүстік бөлігінде, Словениямен шекаралас орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Вараждин қаласы.
Географиясы Жупанияның аумағы — 1262 км². Солтүстігінде Меджимурье жупаниясымен, оңтүстік-шығысында Копривница-Крижевци жупаниясымен, оңтүстігінде Загреб жупаниясымен, оңтүстік-батысында Крапина-Загорье жупаниясымен шектеседі. Солтүстік-батысында жупания Словениямен шекаралас. Жупания арқылы Будапешт — Вараждин — Загреб және Марибор — Вараждин — Осиек бағытында маңызды автокөлік және теміржол магистральдары өтеді.
Жупанияның солтүстік бөлігі Драва өзенінің төменгі аңғарында орналасса, оңтүстік бөлігі көбірек төбелі. Крапина-Загорье жупаниясымен шекара Иваншчица таулары бойымен, Копривница-Крижевци жупаниясымен шекара Калник таулары бойынша өтеді.
Халқы және әкімшілік бөлінісі 2001 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша жупания аумағында 184 769 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. , олардың 97,7 % — хорваттар, 0,4 % — сербтер, 0,3 % — словендерҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар — Хорватияның статистика бюросы .
Әкімшілік тұрғыдан жупания 6 қала мен 22 қауымдастыққа бөлінеді (2001 жылғы мәліметтер бойынша).
Қалалар: Вараждин Лудбрег Лепоглава Иванец Нови Мароф Вараждинске Топлице
Қауымдастықтар: Бедня Беретинец Брезница Брезнички Хум Цестица Донья Воча Доньи Мартиянец Горни Кнегинец Ялжабет Кленовник Льюбешчица Мали-Буковец Марушевец Петриянец Срачинец Свети-Джурдж Свети Илия Трновец Бартоловечки Велики Буковец Видовец Виница Високо
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары