Карловац жупаниясы () — Хорватияның орталық бөлігінде орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Карловац қаласы.

Географисыя Жупанияның аумағы — 3626 км².

Карловац жупаниясы батысында Приморье-Горски Котар жупаниясымен, солтүстігінде Загреб жупаниясымен, оңтүстігінде Лика-Сень жупаниясымен және шығысында Сисак-Мославина жупаниясымен шектеседі. Жупания аумағы солтүстік-батысында Словениямен, оңтүстік-шығысында Босния және Герцеговинамен шекаралас.

Жупанияның Хорватиядағы географиялық орны стратегиялық маңызға ие, себебі Далмация мен елдің жағалаулық бөлігін Загребпен және құрлықтық Хорватиямен байланыстыратын барлық көлік жолдары осы жупания арқылы өтеді.

Жупанияның аумағы солтүстік бөлігінде жазықтау, мұнда Купа өзені ағып жатыр. Батысқа және оңтүстікке қарай жер бедері таулы болып келеді, батыста тарихи Горски Котар аймағына және оңтүстікте Лика тауларына ұласады. Корана, Добра және Мрежница өзендері таулардан бастау алып, Карловац жупаниясының аумағынан солтүстікке қарай Купа өзеніне бағытталады.

Жупания аумағында Плитвиц көлдері ұлттық паркінің солтүстік бөлігі орналасқан.

Халқы 2001 жылғы халық санағы бойынша жупанияның халқы — 141 787 адамЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Халық тығыздығы — 39 адам/км². Ұлттық құрамы: 84,27 % — хорваттар, 11,04 % — сербтерҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .

Әкімшілік бөлінісі Жупания 5 қала мен 17 қауымдастыққа бөлінген.

Қалалар: Карловац, жупанияның астанасы, халқы — 49 082 адам; Огулин, халқы — 8 712 адам; Дуга Реса, халқы — 6 601 адам; Слунь, халқы — 1 776 адам; Озаль, халқы — 1 164 адам.

Қауымдастықтар: Войнич Йосипдол Нетретич Генералски Стол Жаканье Барилович Драганич Плашки Цетинград Раковица Крняк Ласинья Тоунь Босильево Каманье Саборско Рибник

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары