Пожега-Славония жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-шығысында, батыс Славония аймағында орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Пожега қаласы.
Географиясы Пожега-Славония жупаниясының аумағы — 1823 км². Солтүстік-батысында Беловар-Билогора жупаниясымен, солтүстігінде Вировитица-Подравинамен, солтүстік-шығысында Осиек-Бараньямен, оңтүстігінде Брод-Посавинамен және оңтүстік-батысында Сисак-Мославинамен шектеседі. Пожега-Славония жупаниясы — елдің шекарасына шығу мүмкіндігі жоқ үш жупанияның бірі.
Жупанияның орталық бөлігі негізінен жазық, оның басым бөлігін құнарлы Пожега қазаншұңқыры алып жатыр. Жупанияның солтүстік және оңтүстік бөлігінде таулар орналасқан: солтүстігінде Пожега қазаншұңқырын Папук, Крндия және Диль Гора таулары Подравинадан бөліп тұрса, оңтүстігінде Псунь тауы Пожега қазаншұңқыры мен Посавина арасындағы шекараны қалыптастырады.
Халық саны 2001 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, жупания аумағында 85 831 адам тұрадыЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупанияның ұлттық құрамы: 88,7 % хорваттар, 6,5 % сербтер, 1 % италиялықтар, 0,9 % мажарларҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .
Әкімшілік бөлінісі Жупания әкімшілік тұрғыдан 10 әкімшілік бірлікке бөлінеді (5 қала, 5 қауымдастық):
Қалалар: Пожега, жупанияның астанасы, тұрғын саны 20 943 адам Пакрац, тұрғын саны 4 772 адам Кутьево, тұрғын саны 4 007 адам Плетерница, тұрғын саны 3 779 адам Липик, тұрғын саны 2 300 адам
Қауымдастықтар: Брестовац Чаглин Якшич Каптол Велика
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары