Иранның Ұлттық ақпарат және қауіпсіздік ұйымы, САВАК ( ( — «Sazman-e Ettela’at va Amniyat-e Keshvar» толық атауынан қысқартылған)) — Иран шаһы Мұхаммед Реза Пехлевидің билік еткен кезеңіндегі (1957—1979) Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі.
Тарихы Иранда құпия полиция құрылымдарын құру 1955 жылы американдық сарапшылар мен арнайы қызмет мамандарының көмегімен басталдыАфрасияби Б. Иран ва Тарих. Техран. 1364/1985, сс. 43-50.. Сонымен қатар, Израильдің "Моссад" ұйымының мамандары да Иранға жіберілді.
САВАК ресми түрде 1957 жылғы 20 наурызда шахтың арнайы заңына сәйкес құрылды. Оның мақсаты Пехлеви әулетінің монархиялық режиміне қарсы саяси оппозиция туралы ақпарат жинау және кез келген антиүкіметтік әрекеттердің алдын алу болды.
Ұйымның басты мақсаттары ретінде мыналар жарияланды:
Ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін қажетті ақпарат жинау; Конституция қағидаттарына қайшы идеологиясы бар топтардың қызметінің алдын алу; Қауіпсіздікке қарсы бағытталған қастандықтарды болдырмау және т.б.
Оппозиция өкілдерін жою мақсатында САВАК қызметкерлері «алдын алу» шараларын жүзеге асырды. Оппозициялық топтар мен солшыл партиялардың ықтимал кездесу орындарына рейдтер ұйымдастырылды. Мұндай орындарда іздеуде жүрген адамдар табылған жағдайда, олар ескертусіз жойылдыӘлиев С. М. XX ғасырдағы Иран тарихы. Мәскеу-2004. 312 бет.
САВАК-тың алғашқы директоры генерал Теймур Бақтияр болды. Ауқатты жер иеленуші ретінде ол шах пен халықтың «Ақ революциясына» қарсы реформаларды болдырмауға тырысты. 1961 жылы Бақтияр мемлекеттік төңкеріс дайындады деген айыппен қызметінен босатылып, 1962 жылы елден қуылды. 1970 жылғы 12 тамызда ол Иракта бұрын өзі басқарған ұйымның агенттері тарапынан өлтірілдіRubin B. Op. cit., pp. 109.
САВАК-тың келесі басшысы генерал Хасан Пакраван болды. Ол оппозицияға «тым жұмсақ» көзқарас танытқаны үшін 1965 жылы қызметінен босатылды. Пакраванның орнына келген Неметолла Насири шахтың қатаң саяси бағытына толықтай қолдау көрсетті. 1978 жылғы 6 маусымда, САВАК-ты 13 жыл басқарған соң, генерал Насири Ирандағы революциялық оқиғаларға байланысты қызметінен алынып, оны генерал Нассер Могадам ауыстырды.
Құрылымы 1970 жылы САВАК құрылымдық тұрғыдан 9 негізгі департаментке бөліндіHarald Irnberger. Seite 29:
Әкімшілік департамент; Сыртқы барлау департаменті; Ішкі оппозиция және шетелдегі студенттер мәселелері департаменті; Қамтамасыз ету департаменті; Техникалық бөлім; Қаржы департаменті; Шетел арнайы қызметтерімен ынтымақтастық департаменті; Қарсы барлау департаменті; Мұрағат бөлімі.
1979 жылғы 3 қаңтарда жаңа үкімет шахтың тапсырмасымен Шапур Бақтиярды тағайындады. Ол үлкен беделге ие болған және Пехлеви әулетінің ымырасыз қарсыласы еді. 23 қаңтарда премьер-министр САВАК-ты тарату туралы жарлық шығарып, демократиялық сайлау өткізуге уәде берді. Ол осылайша революционерлердің ашу-ызасын басуға тырысты.
Кейінірек, 1979–1981 жылдар аралығында САВАК-тың көптеген басшылары өлім жазасына кесілді.
Дереккөздер
Сілтемелер Zabih, S. «Bakhtiar, Teymur.» Ed. Ehsan Yarshater. Encyclopædia Iranica. Vol. III. New York: Encyclopaedia Iranica Foundation, 1989 Hoveyda, Fereydoun. The Fall of the Shah. Trans. Roger Liddell. New York: Wyndham Books, 1980 All Fall Down: America's Fateful Encounter with Iran ISBN 1-85043-009-8 Robert Fisk — The Great War for Civilisation: The Conquest of the Middle East (October 2005) London. Fourth Estate; XXVI, 1366 pages. ISBN 1-84115-007-X
Санат:Арнайы қызметтер Санат:Жедел қызметтер