Болат Тұрарұлы Нүсіпов (24 ақпан 1971, Алматы) — қазақстандық дипломат, Аргентина, Чили және Бразилиядағы елші (2021—). Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Еңбек жолы 1994—1995 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа елдерінің жетекші департаментінің референті, атташе, үшінші хатшысы; 1995—2002 — Қазақстанның Австриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы; 2002—2005 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесші, басқарма басшысы; 2005—2010 — Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі; 2010—2011 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департамент директорының орынбасары; 2011—2012 — Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің кеңесшісі; 2012—2014 — Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі; 2014—2019 — Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2019—2020 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры; 2020—2021 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және ТМД Еуропалық елдері департаментінің директоры; 2021 — Қазақстанның Аргентина, Чили мен Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Білімі 1993 жылы Алматы шет тілдері институтын (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті), 1995 жылы Вена дипломатиялық академиясын, 2005 жылы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тәмамдады.

Марапттары мен атақтары Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Жеке өмірі Үйленген, 1 қыз тәрбиелеуде. Қазақ, орыс неміс және ағылшын тілдерін игерген.

Дереккөздер

Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстанның Бразилиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Аргентинадағы елшілері Санат:Қазақстанның Чилидегі елшілері