«Жексұрын мен 4» () — Illumination Entertainment компаниясы шығарған компьютерлік мультфильм.

Сюжеті Антизұлымдар лигасының (АЗЛ) агенті Грю лицейде ескі жауымен кездеседі. Максим Ле Маль оған әлі өш екенін жеткізіп, өзін тарақан қасиеттерімен күшейтіп алғанын айтады. АЗЛ оны қамауға алады. Алайда, көп ұзамай ол абақтыдан қашып кетіп, дүниені жаулап алу жоспарын жүзеге асыруға кіріседі. Грю достарымен бірге оған қарсы тұрады.

Кейіпкерлерді дыбыстағандар Стив Карелл — Грю: басты кейіпкер. Кристен Уиг — Люси Уайлд: АЗЛ агенті және Грюдің әйелі. Уилл Феррелл — Максим Ле Маль: суперзұлым, Грюдің қарсыласы. Джоуи Кинг — Поппи, Грюдің көршісі. София Вергара — Валентина: Ле Мальдің әйелі. Миранда Косгроув — Марго: Грю асырап алған қыздардың ең үлкені және ең ақылдысы, көзілдірік киеді. Стив Куган — Сайлас Найспопс: АЗЛ лигасының бұрынғы бастығы. Дана Гайер — Эдит: қыздардың ортаншысы, сары шашты қыз, әрқашан қызғылт тоқылған бөрік киіп жүреді. Мэдисон Полан — Агнес: қыздардың ең кішісі, пырақтарды жақсы көреді. Пьер Коффен — Миньондар: цилиндрлік сары ағзалар. Дөңгелек көзілдірік киіп жүретін, екі немесе бір көзді келеді. Бір-бірімен өз тілінде сөйлесіп, кейбір кезде адамға түсінікті сөздер айтады.

Дереккөздер

Сілтемелер