Пресногорьковка — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, Пресногорьков ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1837 адам (874 ер адам және 963 әйел адам) болса, 2009 жылы 1873 адамды (906 ер адам және 967 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1752 жылы халық арасында “Қасірет белдеуі” аталып кеткен “Пресногорьков” атты орыс бекіністері желісінің құрылуына байланысты қаланған. Жергілікті қазақтар оны “Стап” деп атаған. Ауыл 1928-36 жылдары Қарағанды облысының, одан 1963 жылға дейін Қостанай облысының құрамындағы Пресногорьков ауданының орталығы болып келді. 1957 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде кеңшардың орталығына айналды. Кеңшар негізінде мұнда 1996 жылы бірнеше шаруа қожалықтары мен ЖШС-тер құрылды. Пресногорьковкада 1910-14 жылдары көрнекті халық жазушысы, драматург, Социалисттік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов оқыған. Ауылда жазушыға арналған мұражай ашылған.

Дереккөздер

Санат:Ұзынкөл ауданы елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері