Алепподағы терактілер — 2012 жылғы 10 ақпанда Алеппо қаласында болды. Террористер Сирияның қауіпсіздік күштеріне тиесілі ғимараттарды жарды.

Алғышарттар Терактілер 15 наурыздан бастап жалғасып жатқан жаппай толқулар аясында болды. Сирияның екінші үлкен қаласы Алеппо тәртіпсіздіктерге ұшырамаған болатын.

Терактілер Екі жарылыс арада бес минуттық интервалмен болды. Бірінші жарылыс Халеб Джедида ауданында, әскери барлау штабының маңында орын алды, онда миналанған автомобиль жарылды. Екінші жарылыс Сахура алаңында болды. Өзін-өзі өлтіруші террорист миналанған микроавтобусты жарды, ол Сирияның «Арнайы мақсаттағы әскерлері» автобустарының тұрағының жанында болған. Терактілердің салдарынан 28 адам қаза тапты, тағы 235 адам жарақат алды.

Күдіктілер Еркін Сирия армиясының басшысы Рияд Аль-Асаад «бұл Хомстағы шабуылға жауап болды» деп, оның атынан лаңкестік әрекеттерге жауапкершілік алды. САА-ның тағы бір мүшесі, полковник Махер Нуаими шабуылдарды Сирия үкіметі ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Американың Stratfor жеке барлау-талдау компаниясы лаңкестіктің мән-жайын талдап шығып, лаңкестіктің артында оппозицияның тұрғанын айтты, себебі Сирия үкіметіне лаңкестіктен ешқандай пайда жоқ. Сонымен қатар, Stratfor мәліметтері бойынша, шабуылдар Сирия үкіметіне зиян келтіреді, себебі олардың арқасында үкіметтің ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетіне қатысты күмән туындайды.

Дереккөздер

Санат:Сирияда орын алған террористік актілер Санат:2012 жылғы террористік актілер Санат:2012 жылдағы Сирия Санат:2012 жылғы апаттар Санат:Террорлық акт Санат:Лаңкестік Санат:Сириядағы азаматтық соғыс