Александр Дмитриевич Иванков (17 қазан 1949 жыл, Шыршық — 6 маусым 2004 жыл, Ташкент) — КСРО-лық футболшы, өзбекстандық футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Футболшы Бала кезінде суға секіруге қызыққан, бірақ кейін футболды таңдаған. Иванковтың алғашқы жаттықтырушысы Вадим Терещенко болды. Будапештте әскерде қызмет етті. Онда оны Всеволод Бобров байқап, жас футболшыны «Пахтакорға» қабылдауға кеңес берді. Бастапқыда ол шабуылда ойнады, бірақ көп ұзамай клубтың сол кездегі бас бапкері Михаил Якушин оны қорғанысқа ауыстырды

Иванков Ташкент клубында 8 жыл өнер көрсетті. Командада жүргенде ол КСРО спорт шебері атағын алды . «Пахтакордан» кеткеннен кейін қорғаушы Өзбекстанның басқа клубтарында ойнады: «Шахриханец», «Хорезм» және «Наримановец».

Жетістіктері

Футболшы ретінде

КСРО халықтары спартакиадасының финалисі: 1986

Бапкер ретінде

Өзбекстан вице-чемпионы: 1994. Өзбекстан кубогының финалисі: 1996.

Сілтемелер

Санат:КСРО футболшылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Хорезм ФК ойыншылары Санат:Өзбекстан футбол жаттықтырушылары Санат:КСРО футбол жаттықтырушылары Санат:Янгиер ФК жаттықтырушылары Санат:Динамо Самарқан ФК жаттықтырушылары Санат:Хорезм ФК жаттықтырушылары Санат:Пахтакор ФК жаттықтырушылары Санат:МХСК ФК жаттықтырушылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары