Маш немесе мунг бұршақтары – бұршақ тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдік.

Сабағының биктігі 20–150 сантиметрге дейін жетеді. Гүлдері сары түсті келеді. Әр бұршаққында 6–15 дәні болады.

Бұршақтары ұсақ жасыл, сары, кейде қоңыр түсті болады. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералдарға бай.

Аспаздықта қолданылуы Бұршақтардағы ақуыз мөлшері 20–50%-ға дейін жетеді, бұл — негізімен глобулин және альбумин.

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің асханаларында кеңінен қолданылады. Өзбек және тәжік асханаларында күріш пен етпен бірге жиі дайындалады.

Сондай-ақ маштан алынған крахмалдан фунчоза деп аталатын кеспе жасалады.

Дереккөздер

Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Еуразия флорасы