Аманолла Ғабдолхайұлы Рамазанов (1 маусым 1928, Жетекші ауылы, Павлодар ауданы, Павлодар облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 2009) — кеңестік партия, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1972–1978).
Өмірбаяны 1954 жылдан бастап КОКП мүшесі.
Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1950-1967 жылдары Павлодар облысында ауыл шаруашылығына қатысты әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1967-1970 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1970—1972 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып еңбек етті, ал 1972-1978 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1978-1984 жылдары Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9 және 10 шақырылымдары депутаты.
Сілтемелер Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы
Санат:Қазақ ауыл шаруашылығы институтының түлектері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары