Айтуғанов Шамша (10 наурыз 1947 жылы туған, Қазалы ауданы, Жанай ауылы) – қазақ журналисті, қоғам қайраткері. КСРО Журналистер одағының (1974), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Өмірбаяны Айтуғанов Шамша еңбек жолын 1965 жылы Қазалы ауданындағы «Ленин туы» газетінде корректор ретінде бастаған. Кейін газетте әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, еңбекші хаттары бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған (1965–1976).

1971 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) механика-математика факультетін, 2002 жылы Алматы экономика және құқық институтын (қазіргі Нархоз университеті), 2004 жылы Каспий қоғамдық университетінің қаржы және несие факультетін тәмамдаған.

Айтуғанов Қазалы аудандық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған (1988–1991). 1991–1994 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы аудандық ұйымы басқармасының төрағасы әрі аудандық әкімшілік Тіл басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1994–1995 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 1995–2010 жылдары әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болды.

2011–2016 жылдары «Қазалы» газетінің бас редакторы және «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты Қазалы ауданындағы «Қазалы» газетінің директоры қызметін атқарған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.

Шығармашылығы Айтуғанов Шамша бірнеше тарихи және мәдени еңбектердің авторы: «Қаракесек Ақайұлы Ақтан батыр» «Ұлысқа ұран болған Ақпан баба» «Ақша бұлтты Ақтан батыр» (2010) «Жанайым - құтты мекенім» (2010) «Ақтан батыр» (2015)

Марапаттары «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі ҚР Президентінің Алғыс хаты Құрмет грамоталары

Айтуғанов Шамша қоғамдық өмірге белсенді қатысқан, аудандық партия комитетінің мүшесі және Кеңес депутаты болған.

Дереккөздер