Жібек жолы ауданы — Тараз қаласындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылы желтоқсанда құрылған. Жер аумағы – 17 157,74 га.

Тарихы 2024 жылы 29 қаңтарда Үкімет қаулысымен Тараз қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. Бас жоспарда Тараз маңындағы елді мекендерді қалаға қосу, сонымен бірге қала халқы 400 мыңнан асқандықтан Заңға сәйкес қала аумағында екі аудан құру қарастырылды.Қаланың жаңа Бас жоспары бекітілді Үкіметтің 2024 жылғы 29 қарашадағы №1014 қаулысымен Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар (129 км²) болатын жері Тараз қаласына қосылып, қала аумағы 188 км²-ден 317 км²-ге дейін артты.Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

2024 жылы 20 желтоқсанда Тараз қалалық мәслихаты мен әкімдігі қаланы 2 ауданға бөлу туралы шешім қабылдап, аудан шекаралары бекітілді.Об образовании двух районов в городе Тараз и установлении границ районов 2025 жылы 17 қаңтарда жаңа аудан атаулары Әулиеата және Жібек жолы болып бекітілді.О присвоении наименований составным частям города Тараз

Шекарасы Жібек жолы ауданы Тараз қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөлігі Жамбыл облысының Жамбыл ауданымен, солтүстік-шығыс бөлігі Байзақ ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Тараздың Әулиеата ауданымен шектеседі.Тараз қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Әкімдері Қарлығаш Аралбекова (10.2025-)

Дереккөздер

Санат:Тараз аудандары