Памела Джо Бонди (, көбіне Пэм Бонди, ; 17 қараша 1965 жыл, Тампа, Флорида) — америкалық прокурор, лоббиші мен саясаткер, 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы сәуірге дейінгі АҚШ Бас прокуроры. Республикалық партияда мүшелігі бар ол 2011 жылдан 2019 жылға дейін Флориданың Бас прокуроры еді.

2020 жылы Бонди Дональд Трамп импичментіне қарсы күрескен адвокаттардың бірі еді. Көп ұзамай ол Трамптай 2020 АҚШ президент сайлауы нәтижесін мойындамады. 2024 жылғы 21 қарашада жаңадан сайланған президент Трамп Бондиді АҚШ Бас прокуроры лауазымына ұсынды да, кейін тыңдаудан өткен Бонди 2025 жылғы 5 ақпанда бұл лауазымдағы өкілеттігін бастады. Бондидің Эпштейн файлдарына қатысты жұмысынан, әрі басқа да істерінен көңілі шықпаған Дональд Трамп келесі жылғы сәуірде оны лауазымынан босатты.

Ерте жылдары Пэм Бонди 1965 жылғы 17 қарашада, Тампа, Флоридада дүниеге келген. Әкесі Джозеф Бонди қалалық кеңес мүшесі еді.

Бонди 1987 жылы Флорида университетіндегі қылмыстық құқық оқуын бітірсе, 1990 жылы Стетсон университетіндегі оқуын бітіріп, заң докторы болды.

Флорида бас прокуроры 2010 жылғы сайлауда Бонди өзін Флорида бас прокурорлығына ұсынды. Республикашыл праймеризде ол дауыстың 37.89% жеңіп алды да, жалпы сайлауда демократ Дэн Гельберді дауыстың 54% арқылы жеңді. Ол — бұл лауазымға ие тұңғыш әйел. 2014 жылғы қарашада Бонди дауыстың 55% көмегімен бұл лауазымға қайта сайланды.

Флорида бас прокуроры болған Бонди біржынысты некеге және басқа да ЛГБТ құқықтарға қарсы еді.

Дональд Трампты қолдауы нобай|оңға|2016 жылғы Республикалық партияның ұлттық съезіндегі Пэм Бонди

Дональд Трамп жанкүйері болған Бонди 2016 жылғы сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтон туралы «Қамалсын!» () ұранын бастады.

Трамптың тұңғыш импчименті Трамп әкімшілігі 2019 жылғы қарашада Трамптың бірінші импичмент сот ісі кезінде Ақ үйге көмектесу үшін Бондиді жалдады. 2020 жылғы 17 қаңтарда Бонди Трамптың Сенаттағы импичмент бойынша сот процесіндегі қорғаныс тобының құрамына кірді.

2020 АҚШ президент сайлауы жайлы тұжырымы 2020 жылғы Республикалық партияның ұлттық съезінде сөйлеген сөзінде Бонди Трампты қолдады. 2020 АҚШ президент сайлауы нәтижелері шығып жатқанда Бонди Трамптың сайлаудың бұрмалануы жайлы тұжырымдарын жақтады, Пенсильвания, Джорджия мен Висконсинде дауыстар бұрыс саналған деді.

2020 жылғы 5 қарашада Fox News қызметкері Стив Дуси Бондиден бұл тұжырымды негіздейтін дәлел көрсетсін деп сұрады. Бонди бұдан бас тартты.

АҚШ Бас прокуроры Ұсынылуы 2024 жылғы 13 қарашада жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Мэтт Гецті АҚШ Бас прокуроры лауазымына ресми түрде ұсынды. Алайда Гецтің кандидатурасы сексуалдық зорлық және адам саудасына қатысты айыптаулардан кейін даулы болды да, бір аптадан кейін Гец өз үміткерлігінен бас тартты.

Гец бас тартуына бірнеше сағат болғанда-ақ Трамп бұл лауазымға оның орнына Бондиді ұсынды.

2025 жылғы 15 және 16 қаңтарда АҚШ Сенатының Заң комитеті Бондидің тыңдауларын өткізді. Тыңдаулар кезінде Бондидің лоббиші ретінде мансабы және шетелдік үкіметтермен байланысы жайлы күмәндар пайда болды, алайда 29 қаңтардағы 12–10 дауыс бойынша Бондидің ұміткерлігін комитет сонда да қолдады. Бұл кезде әр демократ оның үміткерлігіне қарсы шыққан еді. 4 ақпанда АҚШ Сенаты Бонди үміткерлігіне дауыс берді де, 54–46 дауыс қатынасы көмегімен Бонди АҚШ Бас прокуроры лауазымына қабылданды. «Иә» деп дауыс берген жалғыз демократ Джон Феттерман еді. Оған Ақ үйде ант беруге көмектескен судья Кларенс Томас еді.

Қызметі Түрлі дереккөздер Трамптың Бондидің қызметінен, соның ішінде оның Эпштейн файлдарын қадағалауынан, көңілі шықпағанын хабарлаған. Трамптың пікірінше «ол саяси қарсыластардың жеткілікті санын тергемеген және қудаламаған» деп те жазған CNN. Ақыр соңында 2026 жылғы 2 сәуірде Трамп Бондиді лауазымынан босатты, алайда Truth Social-дағы жазбасында нақты себепті айтпай қойған.

Өз өмірі Бонди 1990 жылы Гэррет Барнсқа үйленді; алайда некедегі 22 айдан кейін жұп ажырасты. 1996 жылы Бонди Скотт Фицджеральдқа үйленді, олар 2002 жылы ажырасты. 2012 жылы ол Грег Хендерсонмен атастырылған еді. 2017 жылдан бері ол Джон Уэйкфильдпен бірге жүр.

Дереккөздер

Санат:Стетсон университеті түлектері Санат:Флорида университеті түлектері Санат:АҚШ заңгерлері Санат:АҚШ адвокаттары Санат:АҚШ прокурорлары Санат:Флорида бас прокурорлары Санат:АҚШ бас прокурорлары Санат:Саясаттағы АҚШ әйелдері Санат:Дональд Трамптың екінші кабинеті