Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев (11 маусым 1984, Павлодар) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2018—2019 жылдары Павлодар әкімі.
Өмірбаяны 1984 жылы 11 маусымда Павлодарда дүниеге келді.
Білімі 2005 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономика бакалавры", 2007 жылы Ұлыбританиядағы Бредфорд университетін "экономикалық саясат магистрі" дәрежелерімен, 2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "құрылыс" мамандығы және 2024 жылы Швейцариядағы Еуропалық бизнес-мектебін "бизнес әкімшілендіру магистрі" дәрежелерімен тәмамдаған.
Мансабы Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады.
2007-2008 жылдары "Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы" РМК Маркетинг және коммерцияландыру департаментінің директоры, Стратегиялық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2008—2009 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2009—2012 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат және нормативтеу департаментінің директоры, басқарушы директор — Басқарма мүшесі болып жұмыс істеді;
Одан кейінгі еңбек жолы Ақмола облысының әкімідігінде жалғасты: 2012—2015 жж. Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, 2015—2018 жж. Степногорск, ал 2018—2019 жж. Павлодар қаласының әкімі болды.
Әрі қарай “Транстелеком” акционерлік қоғамында еңбектенді, яғни 2019—2020 жылдары Басқарма төрағасының кеңесшісі болса, 2020-2024 жылдары аралығында Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылы Ақмола облысының әкімідігіне қайтып келіп, онда 9 қарашаға дейін әкімнің кеңесшісі болды. 9 қарашада әкімнің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Жеке өмірі Үйленген, 3 баласы бар.
Марапаттары мен атақтары Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016); Астанаға 20 жыл медалі (2018); Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі (2020).
Дереккөздер
Санат:Көкшетау әкімдері Санат:Павлодар әкімдері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері