Мұңайма, Үрбибі — 1994 жылы жарыққа шыққан қазақ әні, Сөзін жазған Әлібек Мейірбекұлы, әнін жазған Өтеген БекахметовМұңайма Үрбибі.
Тарихы
Ән 1994 жылы жазылған. Жетісай қаласында мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген Әлібек өзінің жары Үрсұлу Сейдахметқызына арнап шығарды. Олардың үйленгеніне 25 жыл болған-тұғын. Сол жылы "Мырзашөл жұлдыздары" байқауы мен "Тамаша" ойын-сауық отауында да шырқалды.
Әнді алғаш орындағандар Жетісайлық апалы сіңлілі Рахия мен Разия Бегахметовалар. Қырғызша нұсқасы 2024 жылы қырғыз әншісі Элера Қабылжанқызы қырғыз тілінде орындады. Бірақ әннің сөзін қырғызшаға аударып, ән кейіпкері Үрбибінің аты Әдемі боп өзгеріп кетті де, Әлібек Мейірбековтың жары Үрсұлу әннің іздеушісі ретінде журналистерге хабарласып, бұл мәселе тіпті Республикалық деңгейде талқыланды, телехабарларға шықты, ютуб каналдарында айтылды. Үрсұлу "ешқандай дауым жоқ, тек әннің авторы айтылса екен" деген ұсынысын айтты.
Элера орындаған нұсқасы 2024 жылы түсірілген "Қарындаш" фильмінің (режиссері Самат Еркінбеков) саундтрегі болды. Мәтіні Бақыттың думанын, тым ерте тыймасын, Ұмытпай достарын, мәңгілік сыйласын. Іздемей өмірдің, бос жүру сейілін Үлкенге кішіге, мол болсын мейірімің.
Қайырмасы Мұңайма Үрбибі, Мұңайма Үрбибі Мұңайма Үрбибі, Мұңайма Үрбибі Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды Жастық шақ өтеді, Мұңайма Үрбибі Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды Жастық шақ өтеді, Мұңайма Үрбибі
Адамдық адалдық, арыңды күзетсін, Жасама жамандық, бол дәйім ізетшіл. Төгілмей көз жасың, махаббат маздасын, Сезімің азбасын, бақыт тап өз басың. Дереккөздер
Сілтемелер Әннің тарихы
Санат:1994 жылғы әндер Санат:Қазақ әндері