«Алып» — Теодор Драйзердің 1914 жылы шыққан шығармасы, «Қаржыгер» романының жалғасы.
Америкалық кәсіпкер Чарлз Тайсон Йеркстің өмірін (1837–1905) негізге алып, жазушы қомақты шығарма жазады. Бірақ кейін оны екіге бөлгенді құп көріп, бірінен соң бірі қос кітап шығарады.Dreiser, Theodore. Trilogy of Desire. Philip L. Gerber, Introduction. New York: World Publishing, 1972, p. viii. ISBN 0-529-04682-2 Автор қайтыс болғаннан кейін, яғни 1947 жылы бұлардың жалғасы ретінде үшінші роман жарияланады. Осы шығармалар тұтасымен Құштарлық трилогиясын құрайды.
Желісі Түрмеден шыққан Фрэнк Каупервуд Чикагоға көшіп, өз білетін тіршілігіне оралады. Бір ірі биржалық айласы сәтті шығып, ол қайтадан байып шығады және қоғамдық көлік жүйесін дамытып, өзіне қарату жобаларын іске асыруды жалғастырады.
Дереккөздер
Сілтемелер The Titan Гутенберг жобасында
Санат:Ағылшын тілді романдар