Масуд Пезешкиан (; 29 қыркүйек 1954 жыл, Мехабад) — ирандық кардиохирург, саяси және мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 28 шілдеден бастап Иран Ислам Республикасының 9-шы президенті.
Өмірбаяны 1956 жылы 29 қырқүйекте Махабад қаласында дүниеге келді. Өзін түрік деп санайды. Ана тілі деңгейінде парсы және әзербайжан тілдерінен бөлек, күрд тілін де меңгерген.
1976 жылы Тебриз медициналық ғылымдар университетіне оқуға түсіп, медициналық білім алды. 1980–1988 жылдардағы Иран-Ирак соғысы кезінде дәрігер болып жұмыс істеп, әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты. 1985 жылы жалпы медицина бойынша оқуын аяқтап, оқытушылық қызметпен айналыса бастады. 1993 жылы Иран медициналық ғылымдар университетінде кардиохирургия маман бойынша білім алды.
1994 жылы Тебриз медициналық ғылымдар университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл қызметті 1999 жылға дейін атқарып, медициналық білім беру мен ғылыми қызметтің дамуына басшылық жасады.
1997 жылы Иранның мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін бастап, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылы Иран Ислам Республикасының денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрі қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті президент Мұхаммед Хатамидің үкіметінде 2005 жылға дейін атқарды. 2000 жылы жарты жыл бойы Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрінің орынбасары болды.
2008 жылы Иран парламенті — Исламдық консультативтік кеңестің Тебриз, Оску және Азаршахр сайлау округінен депутаты болып сайланды. Кейіннен парламентке бірнеше рет қайта сайланып, ішкі саясат, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару мәселелерімен айналысты.
2013 жылы президенттік сайлауға қатысуға ниет білдіріп, кандидатурасын ұсынды, алайда кейіннен сайлау науқанынан бас тартты.
2016 жылы Исламдық консультативтік кеңес төрағасының бірінші орынбасары болып сайланып, бұл қызметті 2020 жылға дейін атқарды.
2021 жылы президенттік сайлауға қатысуға ниет білдіргенімен, оның кандидатурасын Иранның Конституцияны қорғау жөніндегі кеңесі мақұлдамады.
2024 жылы Иран Ислам Республикасының президенттігіне кандидатурасын қайта ұсынды. Сайлауға қатысуға рұқсат алғаннан кейін сайлау науқанына кірісіп, саяси реформаларды жүргізу, экономикалық жағдайды жақсарту және шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту мәселелерін көтерді.
2024 жылғы 5 шілдеде мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетіп, сайлаушылардың шамамен 54 пайыз дауысын алды. 2024 жылғы 28 шілдеде Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи оның президент болып сайлануын ресми түрде бекітті. 2024 жылғы 30 шілдеде Исламдық консультативтік кеңес алдында ант беріп, Иран Ислам Республикасының президенті қызметіне ресми түрде кірісті.
Президенттігі Пезешкиан президент ретіндегі алғашқы баспасөз мәслихатында Иранның «әдеп полициясы» әйелдерді міндетті хиджаб тағу мәселесі бойынша бұдан былай «мазаламайтынын» уәде етті. Ол сондай-ақ Иранның ядролық келісімі бойынша келіссөздер арқылы елге шетелдік инвестиция тартуға ниетті екенін білдірді. Алайда 2025 жылы АҚШ президенті болып қайтадан Дональд Трамп сайланып, Иранға қатысты «ең жоғары қысым» саясатын жариялап, жаңа санкциялар енгізді, бұл елдегі экономикалық жағдайды күрделендірді.
Дін Пезешкиан — Құран оқытушысы әрі Нахдж әл-Балаға (шиа мұсылмандары үшін маңызды мәтін) тәпсірін оқушы. Ол сондай-ақ Иран–Түркия достық қоғамы мүшесі болып табыладыاسامي اعضاء گروه دوستي پارلماني مجلس نهم.
Он екі күндік соғыс 2025 жылғы 13 маусымда Израиль Иранға әуе соққыларын бастап, Он екі күндік соғыстың басталуына түрткі болдыIsrael hits Iran's nuclear program and military leadership in unprecedented strikes. Бұған жауап ретінде Пезешкиан Иранның Атом қуаты халықаралық агенттігімен ынтымақтастығын тоқтата тұруды бұйырдыIran's president orders country to suspend cooperation with UN nuclear watchdog IAEA. «Фарс» агенттігі мен АҚШ барлау дереккөздері 16 маусымда израильдік күштердің Пезешкианды өлтіруге әрекет жасағанын растадыIran's president injured during Israeli strikes, U.S. intelligence sources sayIran's President Masoud Pezeshkian says Israel tried to assassinate himIranian President Masoud Pezeshkian claims Israel tried to kill himIran's president claims Israel tried to assassinate him during 12-day warIran President Pezeshkian was reportedly injured in Israeli strikes.
Қастандық әрекеті Пезешкиан басқа жоғары лауазымды ирандық шенеуніктермен кездесу өткізіп жатқан ғимаратқа соққы беруді қамтыды. Шабуыл кезінде эвакуация жолдарын бұғаттау және ауа айналымын бұзу үшін ғимараттың кіреберістері мен шығаберістеріне бағытталған алты зымыран немесе бомба қолданылғанIran's President Was Injured In Israel's Nasrallah-Style Assassination Plot: Report. Нысаналы қабатта электр қуаты өшірілгеніне қарамастан, Пезешкианды қоса алғанда ирандық шенеуніктер алдын ала жоспарланған төтенше шығу жолы арқылы қашып үлгердіIranian president lightly wounded while escaping Israeli attackWounded Iranian president forced to escape through emergency hatch during Israeli air strike.
2026 жылы Иранға қатысты болған әскери қақтығыстар Пезешкиан 2026 жылғы 28 ақпанда басталған АҚШ-Израильдің Иранға бірлескен соққыларын айыптап, бұл шабуылдарды «гуманитарлық қағидаттардың өрескел бұзылуы және мұсылмандарға қарсы ашық соғыс жариялау» деп сипаттадыIran's president apologizes for strikes on neighbors as strikes pound their cities. 1 наурызда Иран жоғарғы көсемі Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін, президент Пезешкиан Уақытша жетекшілік кеңес құрамына Әлиреза Арафи (Сарапшылар кеңесі төрағасының екінші орынбасары) және Ғолам Хоссейн Мохсени-Эджеи (сот жүйесінің басшысы) бірге кірдіIran names three men for interim Leadership Council to pick next supreme leader.
7 наурызда Пезешкиан Иранның жауап ретінде жасаған зымыран соққылары үшін көрші елдерден кешірім сұрап, мемлекеттік телеарна арқылы егер бұл елдер Иранға қарсы шабуылдар үшін плацдарм ретінде пайдаланылмаса, Иран аймақ елдеріне жасалатын шабуылдарды тоқтататынын мәлімдеді. Соған қарамастан, шабуылдар жалғаса берді, бұл ирандық басшылықтың Ислам революциясы сақшылары корпусы үстінен бақылауы шектеулі екенін көрсетті. Пезешкиан сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның «сөзсіз капитуляциясы» туралы талабын ашық түрде қабылдамадыIran President Pezeshkian apologises to neighbours for attacks, tells Trump to take 'Tehran surrender dream to grave.
2026 жылғы 1 сәуірде Масуд Пезешкиан соғыстың жалғасуы ауыр экономикалық зардаптарға әкелетінін ескертіп, әскери қимылдар тоқтатылмаған жағдайда Иран экономикасы үш аптадан бір айға дейінгі мерзім ішінде күйреу қаупіне тап болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Жеке өмірі Масуд Пезешкиан бұрын Фатеме Маджидиге үйленген болатын. 1993 жылы Пезешкиан автокөлік апатынан жұбайы мен бір баласынан айырылды. Ол қалған екі ұлы мен қызын жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді және қайтадан ешқашан үйленбеді. Оның қызы Захра Пезешкиан Шариф технологиялық университетінде химия мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған және Рухани үкіметі билікке келгенге дейін Jam Petrochemical компаниясында жұмыс істеген.
Масуд Пезешкиан парсы, күрд және әзербайжан тілдерінде еркін сөйлейді.
Пезешкиан «Трактор» футбол клубының жанкүйері..
Марапаттары «Magtymguly Pyragy» медалі (2024)
Тағы қараңыз Ирандағы соғыс (2026) Иран
Дереккөздер
Санат:Иран саясаткерлері Санат:Иран президенттері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары