Ибица ісі (), не Ибица-гейт () — аустриялық саяси жанжал. Басты тұлғаларына Бостандық партиясының мүшесі, Аустрия вице-канцлері Хайнц-Кристиан Штрахе мен партия басшысының бұрынғы орынбасары жатты.
Жанжал 2019 жылғы 17 мамырда жарыққа шыққан ирандық заңгер Рамин Мирфахрай () жасатқан жасырын камера видеосынан басталған. 2017 жылғы шілдеде жасалған бұл видеода Ивиса, Испаниядағы оппозицияшылар Штрахе мен Гуденустың партияға қатысты астыртын жоспары жайлы сөйлегені бар. Видеода өзін ресейлік олигархтың жиенімін деп таныстырған әйелдің ұсыныстарын екі саясаткер де құптаған көрінеді. Әңгімелесушілер үкіметтік келісім-шарттарға айырбас ретінде Бостандық партиясына жағымды жаңалықтар жасалуын талқылады. Штрахе мен Гуденус сонымен қатар Еуропадағы және одан тыс жерлердегі басқа бай Бостандық партиясының донорларына қатысты сыбайлас жемқорлық саяси тәжірибелері туралы айтты. Видео Бостандық партиясының Аустриядағы баспасөз бостандығын басып, оны партизандық БАҚ-пен алмастыру ниетін көрсетті, елдегі ең үлкен Kronen Zeitung таблоид газетін Бостандық партиясына қаратуға «жоспары» да айтылды.
Жанжал нәтижесінде елде кезектен тыс парламент сайлауы жарияланды. 2018 жылғы 27 мамырда Парламент Аустрия канцлері Себастьян Курцқа сенімсіздік білдірді де, оны қызметтен қуды.
Видео 2019 жылғы 17 мамырда Der Spiegel мен Süddeutsche Zeitung газеталары Штрахе мен Гуденустың өзін ресейлік олигарх Игорь Макаровтың жиені деген әйелмен сөйлескенін хабарлады. Айыптардың қайнары 2017 жылы Ивисада жасалған жасырын камера видеосы болды, бейнеде Штрахе Макаровадан 2017 жылғы сайлауда қолдау сұрағандай болды. Штрахе жоспарынша Бостандық партиясы Макароваға айырбас ретінде мемлекеттік контракт бермек болды. Видеоны зерттеген, алайда толықтай жарияламай қойған неміс жаңалықтарының хабарлауынша, видеоға бес түрлі тұлға түскен. Бұл тұлғалар қатарында Аустрия Бостандық партиясының мүшесі Хайнц-Кристиан Штрахе, өзін ресейлік олигарх жиені деген әйел, оның аудармашысы, Бостандық партиясының басқа өкілі Йоханн Гуденус пен Гуденустың әйелі Татьяна (туған тегі — Тайчич). Тұлғалар ағылшын, неміс және орыс тілдерінде сөйлеген болатын.
Der Spiegel хабарлауынша, бейнеде Штрахе өзінің Ресейге бірнеше сапар жасағанын, Ресей президенті Владимир Путин көмекшілерімен кездескенін, олармен «стратегиялық ынтымақтастық» талқылағанын айтты. Ол әйелдің Бостандық партиясына 2017 жылғы сайлауда көмектесуі мақсатымен Kronen Zeitung газетасын сатып алуы ойымен де келісті.
Әңгіме кезінде Штрахе, оған қоса, оңшыл израильдік саясаткерлермен кездескенін, халықаралық ынтымақтастық орнату мақсатымен Қытайға шақыру алғанын, Glock пен Novomatic group компанияларының Бостандық пен Халықтық партияларға ақша салғанын айтты. Бұның бәрін Штрахе мойындамады.
Дереккөздер
Санат:Аустрия-Ресей қатынастары Санат:2019 жылдағы Аустрия Санат:2019 жылдағы Испания Санат:2019 жылдағы саясат Санат:Халықаралық саяси жанжалдар Санат:Ивиса