Ларс Свен Халльстрём – швециялық кинорежиссёр, әрі сценарийші.

Үздік режиссура үшін екі рет «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

Өмірбаяны 1960 жылдардың соңында ол швециялық телевидениеде жұмыс істей бастайды. 1973 жылы режиссёр ретінде алғашқы жұмыстарын шығара бастайды.

1974 және 1982 жылдары арасында ол ABBA тобының отызға жуық әніне бейнеклиптер түсірді. 1977 жылы әйгілі топтың Аустралиядағы гастрольдері туралы мокьюментари жанрындағы ABBA: Фильм кинотуындысын түсіреді.

1985 жылы шыққан Иттік өмірім фильмі халықаралық деңгейде танылып, көп жетістіктерге ие болған соң, Халльстрём Голливудқа көшеді. Енді оның фильмдерінде Джонни Депп, Джуди Денч, Кейт Бланшетт, Тоби Магуайр және басқа да жұлдыздар түсе бастайды.

Киножүлделері Жыл Фильм аты Оскар сыйлығы BAFTA Алтын глобус Номинация Жеңіс Номинация Жеңіс Номинация Жеңіс1985Иттік өмірім21111993Гилберт Грейпті қинайтын не нәрсе111995Талқыға арналған11999Шарап жасаушылардың қағидалары72122000Шоколад5842001Порт жаңалықтары222011Арқан балықты Йеменде аулау туралы32014Дәмдеуіштерге ынтықтық1Жалпы152120151

Дереккөздер