Леонора Гевесслер (; 15 қазан 1977 жыл, Грац) — аустриялық Жасылдар саясаткері, 2020 жылдан 2025 жылға дейін Климат үшін әрекет, қоршаған орта, энергетика, ұтқырлық, инновация және технология министрі.
Білімі Гевесслер Вена университетінен саясаттану бакалавриатын алған.
Саяси мансабы 2014 жылдан 2019 жылға дейін Гевесслер Global 2000 атты Аустрияның ең ірі экологиялық қайырымдылық және лоббилік тобының басшысы болды. Бұл лауазымда ол көршілес Словакиядағы Моховце АЭС-ке қарсы кампанияға жетекшілік етті. 2019 жылғы парламент сайлауынан кейінгі коалиция үкіметі жайлы келіссөздерде Гевесслер Жасылдар партиясы делегациясының өкілі еді.
Табиғатты қалпына келтіру заңы 2024 жылғы 17 маусымда Гевесслер Еуропа одағының Табиғатты қалпына келтіру заңының қабылдануына үлкен үлес қосты. Еуропа үшін жасыл пактінің бөлігі болған бұл заң онжылдықтың соңына дейін ЕО құрлық пен теңізінің 20%-ын қалпына келтіруге бағытталған еді. Заңға қарсы оппозицияға, соның ішінде Аустрия федералдық жерлерінен шыққан ортақ мәлімдемеге қарамастан Гевесслер заң жобасын қолдады. Оның бұндай шешімі күрделі жағдайға әкелді, өйткені Аустрия жерлері де, Жасылдар әріптесі Аустрия Халықтық партиясы (ÖVP) да оған қарсы еді.
Гевесслердің дауыс беруінен кейін ÖVP оған қарсы қылмыстық сот ісін қозғады, оған тәртіпсіздік жасады деген айып тақты, Еуропалық соттың Гевесслер даусын санамағанын сұрады. Бұндай қылмыстық іс Гевесслердің 10 жылға сотталуына әкеле алатын еді.
2022 жылы Еуропа Одағы ядролық энергияны жасыл инвестициялар санатына қосты. Бұған Аустрия үкіметі қарсы шықса, Гевесслер бұл шешімді қолдады.
Дереккөздер
Санат:Вена университеті түлектері Санат:Аустрия саясаткерлері Санат:Саясаттағы Аустрия әйелдері Санат:Аустриялық жасылдар партиясы мүшелері Санат:Аустрия Ұлттық кеңесі мүшелері