Белгород облысындағы шайқастар (2025) — Ресейдің Украинаға басып кіруі аясында 2025 жылғы 18 наурызда Украинаның Қарулы Күштері бастаған әскери қимылдар. Украина Қарулы Күштері Ресей мен Украинаның мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, Белгород облысында шабуыл операциясын бастады.

Барысы Наурыз 18 наурыз: Украина Қарулы Күштері Белгород облысының Краснояруж ауданында Ресей–Украина шекарасынан өтіп, Демидовканың оңтүстігі, Графовка мен Прилесьенің батысында 500 метрден 2 шақырымға дейін тереңдікке және 10 шақырымға дейінгі майдан еніне аумақты бақылауға алды.Отвлекающий удар или попытка растянуть силы? Россия заявляет о попытках ВСУ наступать на Белгородскую область.The Insider 20 марта 2025

19 наурыз: Жарияланған геолокациялық кадрлар Украина Қарулы Күштерінің Прилесьенің солтүстік-батыс бағытында аздап алға жылжығанын көрсетті.

22 наурыз: Украина Қарулы Күштері Прилесье маңында және Демидовканың оңтүстігінде өз позицияларын сақтап қалды.

23 наурыз: Графовка мен Демидовка аудандарында ұрыстар жалғасты.

24 наурыз: Украина әскері шабуыл шебін 12 шақырымға дейін кеңейтіп, Демидовканың орталығына кіріп, Поповка бағытына қарай шабуылдауды бастады.

25–26 наурыз: Украина Қарулы Күштерінің шабуыл аймағында Демидовка мен Поповка елді мекендері үшін ұрыстар жалғасты.

27–28 наурыз: Украина әскері Поповка мен Демидовканың бір бөлігінде ұрыс әрекеттерін жалғастырды.The Insider 28 марта 2025 22:06

29–30 наурыз: Ресей Қарулы Күштері Белгород облысының солтүстік-батысындағы шабуылдарын жалғастырды, бірақ расталған нәтижеге жете алмады.

31 наурыз: Геолокациялық кадрлар Ресей әскерінің Демидовканың орталық бөлігінде ілгерілеуін растады.

Сәуір 2025 жылғы сәуірдің алғашқы аптасында Демидовка мен Поповка маңында ұрыстар жалғасты, алайда екі тарап та айтарлықтай ілгерілеме көрсете алмады.

7–8 сәуір: Ресей Қарулы Күштері Демидовканың орталық және оңтүстік-батыс бөліктерінде шамалы алға жылжыды.

9–10 сәуір: Украина Қарулы Күштері Белгород облысында шектеулі шабуылдарды жалғастырды және Демидовканың бір бөлігі үшін ұрыстар жүргізді.

Сәуір айының екінші аптасында Поповка мен Демидовка үшін шайқастар жалғасты; Ресей Қарулы Күштері Демидовканың солтүстік-батысына қарай алға жылжыды.

Сәуір айының ортасында Поповка мен Демидовка үшін шайқастар жалғасты. Ресей әскері Поповканың солтүстік-батысына қарай алға жылжыды.

Сәуір айының үшінші онкүндігінде Поповка мен Демидовка маңында шайқастар жалғасты. 24–25 сәуір күндері Украина Қарулы Күштері Поповка маңында және солтүстікте, Курск пен Белгород облыстарының әкімшілік шекарасы маңында қарсы шабуыл жасады.

26 сәуір: Геокадрлар Ресей Қарулы Күштерінің Поповканы бақылауға алғанын көрсетті.

27 сәуір: Украина президенті Владимир Зеленский украин әскері Белгород облысында қорғаныс операцияларын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

30 сәуір: Украина Қарулы күштері Демидовка бағытына қарай қарсы шабуыл жасады.

Мамыр Мамыр айының ортасына қарай Ресей Қарулы күштері Белгород облысында мемлекеттік шекараның кейбір бөліктерінде бақылауды қалпына келтіріп, Украинадағы Сумы облысына қарасты Миропольское бағытына қарай шабуыл жасады.

Тағы қараңыз Курск облысындағы шайқастар (2024 жылдан)

Дереккөздер

Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі Санат:2025 жылдағы Ресей Санат:2025 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруіндегі шайқастар Санат:Белгород облысы тарихы