Феликс Адольф Шмаль (, 18 қыркүйек 1872 жыл, Дортмунд, Герман империясы - 28 тамыз 1919 жыл, Зальцбург, Австрия) — аустриялық велошабандозы және семсерлесуші. 1896 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Олимпиада чемпионы және екі дүркін қола жүлдегер.

Спорт 1896 жылдың 8 сәуірінде Адольф Шмаль 100 км веложарысқа қатысты, бірақ бастапқы он қатысушының жетеуі секілді ол да жарысты аяқтай алмады.

Келесі күні ол саблямен семсерлесу жарысына қатысты. Алғашқы екі айналымда жеңіске жетіп, жүлдеге үміттенген болатын. Алайда патша мен оның делегациясы келгеннен кейін, ұйымдастырушылар жарысты қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл жолы Шмаль төрт айналымның тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Бір күндік үзілістен кейін Шмаль қайтадан велоспорт жарысына қатысып, екі қола медаль жеңіп алды. Уақытқа жарыста ол 26 секундтық нәтижемен мәреге жетіп, бұл көрсеткіш грек спортшысы Стаматиос Николопулоспен бірдей болды. Бірақ қайта жарыста Николопулос жеңіске жетіп, Шмаль үшінші орынға ие болды. Ол сондай-ақ 10 км жарыста француз спортшылары Леон Фламан және жеңімпаз Поль Массоннан кейін үшінші орынға табан тіреді.

13 сәуірде Шмаль өзінің жалғыз алтын медалін 12 сағаттық жарыста жеңіп алды. Бұл жарысқа жеті велошабандоз қатысқан, ал 10-шы айналымнан кейін Шмаль олардың бәрін бір айналымға озды. Содан кейін ол ағылшын Фредерик Кипингтің ізімен жүріп отырып, жарысты жалғастырды. Осы жарысты тек Шмаль мен Кипинг қана аяқтады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Аустрия велошабандоздары Санат:Аустрия Олимпиада чемпиондары Санат:Веложарыстан Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары