Үндістан мен Пәкістан арасындағы 2025 жылғы қақтығыс — 2025 жылғы 24 сәуірде басталып, 10 мамырда аяқталған қарулы шиеленіс. Бұл қақтығыс даулы Кашмир аймағындағы үндістандық туристерге қарсы жасалған террористік шабуылдан кейін орын алды. Оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынасты күрт шиеленістіріп, бақылау сызығы бойындағы әскери қақтығыстарға және дипломатиялық қатынастардың нашарлауына себеп болды.
Алғышарттар Шиеленіс 2025 жылғы 22 сәуірде болған оқиғадан кейін басталды. Сол күні Үндістанның Пәкістанмен шекарасына жақын, даулы Кашмир аймағында төрт террорист 26 туристі атып өлтірді. Құрбандардың арасында 25 үндістандық және бір Непал азаматы болған.
Шабуылдан кейін Үндістан пәкістандық дипломаттарды елден шығару мен өз дипломаттарын қайтарып алу шараларын қабылдады, Пәкістан азаматтарына арналған визаларды тоқтатты, шекараларды жапты және Инд су келісімінен шықты. Пәкістан бұл айыптауларды жоққа шығарып, Шимла келісімін тоқтатты, екі ел арасындағы шекаралық өтпежолдар мен әуе кеңістігін жапты және сауда шектеулерін енгізді.
Барысы 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні Үндістан әскері бақылау сызығы бойындағы бірнеше позицияда атыстар мен қарулы қақтығыстар болғанын хабарлады. Бұл сызық даулы аумақты бөліп тұрған іс жүзіндегі шекара болып табылады. Екі тарап арасындағы атыстар 25 сәуір күні де жалғасты. India, Pakistan trade gunfire as tensions rise over deadly Kashmir attack
25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні The Times of India басылымы Пәкістанның бірнеше әскери бекеттері бақылау сызығының әртүрлі бөліктерінде «арандатусыз жеңіл қарудан оқ жаудырғаны» туралы хабарлады. Үндістан армиясының мәлімдемесіне сәйкес, үнді күштері «жеңіл қарумен сәйкесінше жауап қайтарды».Pakistan calls for neutral probe into Kashmir attack India blames it for
Удхампур округіндегі Дуду Басантгарх ауданында қауіпсіздік күштері күдікті террористермен қақтығысты. Қақтығыс барысында екі террорист оққа ұшып, Үнді армиясының бір әскери қызметкері қаза тапты.
Дәл осы күні қауіпсіздік күштері Пулвама округіндегі Мұран ауылында Ахсан уль Хақ Шейхтің үйін, ал кейін Кулгам округінде Закир Ахмад Ганиенің үйін бұзды. Үндістан билігінің хабарлауынша, бұл екі адам Пахалгамдағы шабуылға қатысы бар деп күдіктелген. Сонымен қатар Кулгамның Токерпора ауылында екі күдікті террористің сыбайласы ұсталды.
Пәкістан Халық партиясының жетекшісі және бұрынғы Пәкістан сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари Үндістанның Инд су келісімінен шығуына байланысты мәлімдеме жасап, былай деді: «Бұл Инд өзенінде не су ағады, не олардың қаны ағады».
Реакция : БҰҰ екі тарапты «ең жоғары деңгейде ұстамдылық» танытуға және мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.
Тағы қараңыз Пахалгамдағы теракт 2025 жылғы Үндістан мен Пәкістан соққылары Буньян уль-Марсус операциясы
Дереккөздер
Санат:Үнді-Пәкістан қақтығысы Санат:2025 жылдағы Үндістан Санат:2025 жылдағы Пәкістан Санат:Кашмир қақтығысы Санат:Шекаралық қақтығыстар Санат:2025 жылғы қақтығыстар