Эрзя тілі күні () — 16 сәуір күні эрзялар тойлайтын мереке. Көбіне Мордовияда өтетін бұл мейрам Ресейдің өзге өңірінде де, шетелде де тойланады.

1993 жылы эрзя тілін сақтауды мақсат көрген Эрзя тілінің қоры оны жыл сайын мерекелейтін мейрам бекітуді ұсынды. Мейрам эрзя латыншасының авторы Анатолий Рябовтың 16 сәуірдегі туған күнінде тойланатын болды.

Эрзя тілі күніне орай іс-шараларда тұрғындар жиі өнер көрсетеді, көрме, кездесу, дәстүрлі музыкалық концерттер, жәрмеңкелер ұйымдастырады, ұлттық тағам дайындайды.

Дереккөздер

Санат:Эрзя тілі Санат:Ресей мейрамдары Санат:Эрзя мейрамдары