Әлке-Қанай қорымы — Өтес стансасының шығыс жағында 83 шақырым жерде жазықта орналасқан. Ескерткішті Маңғыстау МТМҚ ММ (2005 ж.), «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі ҚазҒЗИ» (2007 ж.) экспедициясы зерттеген.

Қорымда әр түрлі 8 нысан орналасқан. Қираған сағанатам қабырғасындағы жалпақ тастарда әйелдің аяқ-киімі, жылқы, өрнектер бейнеленген.

Сағанатамның солтүстік-шығыс жағында құлпытас пен қойтас орнатылған. Құлпытас тік стела тәрізді, әкті-құмтастан қашалған, басы үшкір, тегістік төрт жақ қапталы бедерлі оюы бар өсімдік өрнектері безендірілген, сонымен бірге «өңіржиек» бейнеленген. Қойтас параллелепипед формасында, төменгі жағы аяқ формасында. Қорымда орналасқан тас қоршаулардың біршамасы қираған, 1 стелада араб мәтінінде қашап түсірілген «Руы Жанақ Оңдасын Тынысбайұлы…» жазуы бар.Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселесі ҚазҒЗИ» 2007 ж. экспедициясы материалдары.

Дереккөздер