Олесь Геннадьевич Санин (; 30 шілде 1972, Камень-Каширский, Волынь облысы, Украин КСР, КСРО) — Украиналық кинорежиссер, актёр, оператор, продюсер, музыкант және мүсінші. Украина халық әртісі (2024). Александр Довженко атындағы Украина мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004) және Тарас Шевченко атындағы Украина ұлттық сыйлығының иегері (2025).

Өмірбаяны Волынь облысының Камень-Каширский қаласында дүниеге келген. И. К. Карпенко-Карый атындағы Киев ұлттық театр, кино және телевизия университетін тәмамдаған: 1993 жылы — актерлік бөлім (Валентина Зимняя шеберханасы), 1998 жылы — көркем фильм режиссурасы курсы (Леонид Осыка шеберханасы). Нидерланд мен АҚШ-та тағылымдамадан өткен. 1994—2000 жылдары халықаралық Internews Network корпорациясының украиналық бөлімшесінде режиссер, оператор және фильмдер мен тележобалар департаментінің жетекшісі болып жұмыс істеген. Ондаған деректі фильмнің продюсері (Internews Network, Canal +, Канал «1+1», НТВ, ТНТ, POLSAT, DALAS studio, IKON, PRO Helvecia және т.б. өндірістері).

Бірқатар деректі және көркем қысқаметражды фильмдердің операторы және режиссері. «Мамай» фильмі (2003) үшін Александр Довженко атындағы Украина мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сондай-ақ Украина өнер академиясының «Күміс медалімен» және «Люмьер ағайындылары атындағы күміс медальмен» марапатталған., «Серебряной медали академии искусств Украины», «Серебряной медали им. братьев Люмьер» 2003 жылы Украина атынан «Мамай» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылған.

Олесь Санин бандура, торбан және доңғалақты лирада ойнайды. Музыкалық аспаптар жасайды. Олесь Смык лақап атымен Киев қобызшылар цехының мүшесі болып табылады.

Фильмографиясы

Көркем фильмдер 1995 — Атентат: Осеннее убийство в Мюнхене (актёр) 2003 — Мамай (режиссёр, сценарист, актёр) 2012 — Матч (екінші режиссёр) 2013 — Поводырь (режиссёр, сценарист) 2021 — Довбуш (режиссёр)

Деректі фильмдер 1994 — Матінка Надія 1994 — Буря 1995 — Зимно 1996 — Пустинь 1998 — Танок моржа (у співавторстві) 1999 — Нація. Лемки 1999 — Нація. Євреї 1999 — Гріх 2000 — Різдво, або як гуцули кінця світу чекали 2001 — Акварель 2005 — День сьомий (режиссёр) — «оранжевой революции» туралы фильм 2007 — Перебіжчик

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер