«Азат етуші жауынгер» — Берлиннің шығыс бөлігінде орналасқан Трептов-парктегі ескерткіш. Нацизмді толықтай жеңуіне арналып, ол 1949 жылдың 8 мамырында салтанатты түрде ашылды. Қиратылған свастиканы басып тұрып, бір қолында семсерді, екінші қолында неміс баласын ұстаған кеңес жауынгері бейнесі 30 метрге көтеріледі.
Ескерткіш үш жылдың ішінде тұрғызылды. Оны салуға 1200 жұмысшы, 200 тас қашаушы және 90 мүсінші қатысты.
Жаппай жерлеу орны Соғыстан кейін неміс астанасының әр түкпірінде сарбаздардың жаппай жерлеу орындары қалып қойған. Жеңіске арналған осы және тағы екі мемориалды сала бастағанда, кеңес жауынгерлерінің молаларын осы үш жерге жинақтап, қайтадан жерлеу ұйымдастырады.
Трептов-паркте шайқаста қаза тапқан 7000-нан астам сарбаз жерленген, оның жартысынан көбі —аты-жөні белгісіз солдаттар. Белгілілердің аттары Берлин Сенатында сақтаулы тұр. Зираттың өзі қазір шынар ағаштары өскен аллеяда орналасады.
Қаладағы қалған екі ірі зират және мемориал Тиргартен мен Панковта орын тепті.
Мүсінді жасау «Азат етуші жауынгер» мүсіні мемориалдың орталық құрамдас бөлігі болып келеді. Оны жасағанда, мүсінші нақты ерлікке сүйеніп еді: Берлинді ала бастағанда, 1945 жылдың 30 сәуірінде кеңес жауынгері Николай Иванович Масалов неміс қызын майданнан шығарып құтқарған. Дәл сондай ерлікті аға сержант Трифон Андреевич Лукьянович та жасаған. Масаловтың кейін Берлиннің құрметті азаматы болғаны белгілі.
Бастапқыда Вучетич сарбазды автомат ұстаған күйінде жасағысы келген, бірақ кейін автоматты семсерге ауыстырды.
Мүсіннің салмағы 40 тоннаға жуық, биіктігі 12 метрден асады. нобай|солға|180px|Панноның бір бөлігі Тұғыры және ішіндегі зал Жауынгер мүсіні дөңестің үстіне салынған тұғырдың үстіне қойылды. Дөңес бойымен тұғырға қарай сатылар салынды.
Тұғырдың ішінде естелік зал бар. Ішкі қабырғаларында А. А. Горпенко суреттері бойынша мозаикалық панно салынды. Онда жауынгерлердің жерлеу орнында тәжім қылған әртүрлі халықтардың өкілдері бейнеленген.
Залдың төбесіне Жеңіс ордені пішінімен жасалынған 2,5-метрлік люстра орнатылды.
Көшірмелері Мүсіннің Вучетич жасаған 2,5-метрлік макеті 1964 жылы Германиядан Серпухов қаласына әкелінді. Дәл сондай мүсін Таруса қаласында бар.
Сондай-ақ, мүсіннің кішірейтілген нұсқаларын Ресейдің Верея, Советск, Тверь қалаларынан, Беларусьтің Мухавец елді мекенінен табуға болады.
2022 жылы Кемерово қаласында ескерткіштің пішіні мен өлшемдерін сақтаған толықтай көшірмесі ашылды.
Галерея
Пошта маркаларында және тиындарда
Дереккөздер
Санат:Берлин ескерткіштері Санат:Ұлы Отан соғысы ескерткіштері Санат:1949 жылы пайда болғандар