Пётр Семёнович Кириллов (белгілі лақап аттары — Пётр Эрьке, Пшти Пеель; 26 маусым 1910 жыл, Самара губерниясы – 24 қараша 1955 жыл, Мәскеу) — эрзя жазушысы, журналист, драматург, 1934 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны Кириллов 1910 жылы Малый Толкай ауылында (қазіргі Самара облысының Похвистнево ауданында) дүниеге келген.

1931 жылдан 1933 жылға дейін ол Мәскеудегі редакциялық-баспа институтында білім алды. Кейін Кириллов Ұлы Отан соғысына қатысты.

Кирилловтің шығармалары 1929 жылдан басып шығарылды.

1930 жылдары Кирилловтің «Валске Сура лангсо» («Сурадағы таң») тарихи поэмасы, «Межавтомо» («Аралықсыз»), «По трудной дороге» тақпақ жинақтары, «Спасской монастырьсе» («Спасск монастырінде»), «Васенце урок» («Бірінші сабақ») хикаяттары жарық көрді. Оның «Литова» (1940) тарихи драмасы мордва театр өнерінде аса белгілі болды. Соғыстан кейін Кириллов «Войнань киява» («Соғыспен жолай») жинағын, «Валдо васоло угол велькссэ» («Шеткі бұрыш үстіндегі жарық»), «Учительница» көріністерін шығарды. 1934 жылы ол КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды.

1955 жылғы 24 қарашада, Мәскеуде Кириллов қайтыс болды. Ол Саранскіде жерленген.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Саранскіде жерленгендер Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Алфавит бойынша жазушылар Санат:КСРО жазушылары Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:Эрзя жазушылары