Қырым татар әдебиеті () – Қырым татарларының әдебиеті. Ол өз тарихын Алтын Орда дәуірінен бастап, Қырым хандығы тұсында гүлденіп, 19 ғасырдың аяғында қайта жанданды.

Тарихы Орта ғасыр Қырымның алғашқы әдеби шығармаларының бірі — XIII ғасырда Махмұд Қырымлы жазған «Юсуф пен Зулейха» поэмасы болды. Қырымның көрнекті әдебиет өкілдеріне: Әли (–1232), Махмұд (XIII–XIV ғғ.), Мәуләнә Режеп бин Ибрахим (…–1386), Мәуләнә Шәрәфеддин бин Кемал (–1438) және Кемал Үмме (–1475) жатадыKurnaz C., Çeltik H. Osmanlı Donemi Kırım edebiyatı. — Ankara: Kültür Bakanlığı, 2000.Bursalı M. T. Kırım müellifleri. — Istanbul, 1919.Banarlı N. S. Resimli türk edebiyatı tarihı. C.C.I-II. — Istanbul: Milli egitim basimevi, 1987..

Алтын Орда дәуірінде (XIII – XV ғасырдың бірінші жартысы) қырымдықтардың ислам дінін қабылдауымен бірге сарай поэзиясы пайда болды, оның қалыптасуы Қырым хандығының алғашқы даму кезеңінде шамамен аяқталды.

Классикалық кезең Қырым хандығының гүлдену дәуірінде қырымтатар әдебиеті сарай ортасында дамыған әдеби бағыт — сарай әдебиеті (saray edebiyatı) ретінде қалыптасты. Ол «диван әдебиеті» деп те аталып, зайырлы мазмұнымен ерекшеленді. Бұл кезеңдегі әдеби туындылардың авторлары, негізінен, хан әулетінің өкілдері мен ақсүйектер еді. Барлық жазба мұралар араб графикасымен хатқа түскен.

Әдебиет негізінен поэзия жанрымен ұсынылып, сол кезеңнің белгілі шайырлары қатарында Абдул-Мәжит Эфенди, Хүсейін Кефевий, I Меңлі Герей, Бора Ғазы, Раммель Хожа, Ашық Өмер, Мұстафа Джеуһер, Лейлә Бикеш, Ашық Ариф, Жанмұхаммед және Әдип Эфенди секілді есімдер аталады.

Сондай-ақ, хан сарайында поэзиямен айналысқан әйел ақын — Ханзада-ханым да болған. Ол Қырым ханы Бахадыр I Герейдің зайыбы ретінде танылған. нобай| Меңлі I Герей XV–XVII ғасырларда қырымдық ақындардың шығармаларынан антологиялар құрастырылып отырды.

Бұл кезеңдегі әдебиетте бөгде тілдік лексика, әсіресе араб және парсы тілдерінен енген сөздер өте мол болды. Түркілік лексиканы қолдануға негізгі кедергі — аруз жүйесіне негізделген өлең өлшемі еді. Аруз өлшемі дауысты дыбыстардың ұзын-қысқалығына негізделген, ал мұндай ерекшелік қырымтатар тілінде болмаған. Сондықтан ақындар жиі араб және парсы тілдік элементтеріне жүгінуге мәжбүр болды. Соның нәтижесінде тек араб және парсы тілін меңгерген адамдар ғана түсіне алатын әдеби тіл қалыптастыМеметов И. Периодизация истории развития крымскотатарского литературного языка.

Қырымтатар әдебиетінің басқа бір бағыты — діни-теологиялық еңбектер болды (негізінен сопылық жолын ұстанушылардың еңбектері), олардың ішінде шейх Ибрагим әл-Кырымидың еңбектері белгіліМихаил Якубович. Ислам в Украине: история и современность. — Винница: ООО „Нілан-ЛТД“, 2016. — С. 58—75. — 264 с. — (Библиотека исламоведения). — 1000 экз. — ISBN 978-966-924-218-1..

Сонымен қатар, халықтық қырымтатар тілінде батырлық жырлар (мысалы, «Чорабатыр» — Батыр Чора, «Көр оғлы» — Соқырдың ұлы), әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар («Таир мен Зоре» — Таир мен Жұлдыз), ертегілер (жануарлар туралы, қиял-ғажайып, тұрмыстық, кумулятивтік), халық әндері (үйлену, лирикалық, әзіл-оспақ, сарбаздық), аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқа да фольклорлық мұралар дүниеге келді. Бұл шығармаларда кірме сөздер өте аз болды.

Осы кезеңнің басқа да белгілі шығармаларына мыналар жатады:

— Джанмұхаммедтің «Ислям Герайдың Польшаға жорығы туралы» шығармасы,

— Сейид Мұхаммед Ризаның «Ассеб-ус-Сейяра» (Татар тарихы жөніндегі хабарлардағы жеті планета),

— «Әл-Мұғамул-Бурхан» («Дәлелдер мұхиты»),

— сондай-ақ көптеген хан жарлықтарыМатериалы для истории Крымского ханства, извлеченные, по распоряжению имп. Академии наук, из Московского главного архива Министерства иностранных дел. Издал В. В. Вельяминов-Зернов. — СПб., 1864. −1109 с..

Классикалық кезеңнің прозалық шығармалары — тарихи еңбектер. Олардың қатарына Хәлім Герейдің «Хандардың раушан бағы немесе Қырым тарихы» және Абд ал-Ғаффар Кырымидың «Жылнама мен тарихи хабарлар жинағы» атты еңбектері жатады. нобай| Ысмайыл Ғаспыралы Қырым Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін қырымтатар тіліндегі әдеби өмір тоқтап қалды, себебі поэзияның басты қолдаушылары – қырым хандары – биліктен шеттетілді.

Қазіргі кезең XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қырымтатар әдебиетінің басты тұлғасы — Ысмайыл Ғаспыралы болды. Ол қырымтатар әдебиетінде әңгіме мен роман жанрының негізін қалады. Ғаспыралы «Терджиман» (Аудармашы) газетін шығарды, оның беттерінде жаңа буын қырымтатар қаламгерлерінің шығармалары жарияланып тұрды.

XX ғасырда Ешреф Шемьи-заде жаңа қырымтатар поэзиясын қалыптастыруға күш салды. Белгілі ақындар қатарында Бекир Чобан-заде, Абдулла Дерменджи, Шевки Бекторе, Абдулла Лятиф-заде, Амди Герайбай сынды есімдер бар. Қырымтатар тіліндегі алғашқы драма — «Оладжага чаре алмаз» («Болар іс болар») 1901 жылы Абдулла Өзенбашлының қаламынан туған. 1906 жылы Бақшасарайда Жәләл Меиновтың бастамасымен «Үшкүн» (Ұшқын) әдеби үйірмесі құрылды.

Кеңестік кезеңнен кейінгі қырымтатар әдебиетінің дамуына 1944 жылғы Қырым татарларының Орта Азия мен Оралға депортациялануы қатты әсер етті. Осы оқиға әдеби дәстүрдің үзілуіне алып келді. Қырымтатар әдебиетінің өзі мен оның маңызды авторлары 1970-жылдарға дейін КСРО-да ресми түрде танылмай, үнсіз қалдырылды.

1970–1980-жылдары проза жанры дамыды. Бұл кезеңде Айдер Осман, Урие Едемова, Эрвин Умеров, Эмиль Амит, Рүстем Мүедин сынды жазушылар белсенді еңбек етті. Кеңестік дәуірдің классигі — Шамиль Алядин.

Белгілі қырымтатар жазушысы Женгиз Дагжы барлық шығармаларын түрік тілінде жазған.

Қазіргі әдебиет Қазіргі қырымтатар прозасына ислам мәдениетінің дәстүрлері (сопылық, Құран этикасы) тән. Еуропалық постмодернизм мен авангард ағымдарының ықпалы шектеулі және бұл бағыттар тек Таир Халилов пен Гүлнара Усеинова секілді жекелеген авторлардың шығармашылығында кездеседі.

Қазіргі қырымтатар поэзиясының көрнекті өкілдеріне Шакир Селим, Юнус Кандым, Певат Зеты жатады.

Қырымтатар жазушыларының Одағы жұмыс істейді. Көркем әдеби шығармалар «Йылдыз» (Жұлдыз) әдеби журналында жарияланып тұрады.

Қырымтатар тіліндегі әдеби шығармалар үшін мынадай әдеби сыйлықтар мен байқаулар тағайындалған:

— Ысмайыл Ғаспыралы атындағы,

— Ешреф Шемьи-заде атындағы,

— Бекир Чобан-заде атындағы сыйлықтар,

— сондай-ақ Ахмет Ихсан Кырымлы атындағы әдеби байқау.

Дереккөздер

Санат:Тілдер бойынша әдебиет Санат:Қырым татар тілі