Милиция бас директоры () — 1936-1943 жылдар аралығында КСРО ІІХК милициясының жоғарғы басқарушы құрамның арнайы атағы. Бұл атақ ІІХК МҚББ 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарына, ЖШҚӘ 1-дәрежелі командармына, ЖШҚФ 1-дәрежелі флот флагманына теңестірілген болатын. Бұл арнайы атақ жұмысшы-шаруа милициясындағы ең жоғарғы атақ, осы атақтан дәрежесі жағынан милиция директоры төмен.
Тарихы Милиция директоры атағы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1936 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы қолбасшылық құрамы үшін ІІХК 1936 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығымен жарияланған.
Бұл атақ ешкімге берілмеді.
1943 жылы 9 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «ІІХК және милиция органдарының басқарушы құрамдардың атақтары туралы» Жарлығымен оны алмастыратын атақ қарастырылмады.
Кіші атақ:Милиция директоры30pxІІХК ЖШМББ1936-1943Милиция бас директоры Жоғарғы атақ:жоқ
Дереккөздер Звания и знаки различия милиции в мае 1936 — феврале 1943 г.
Санат:КСРО ішкі істер органдарының арнайы атақтары