Әбинұр Маратұлы Нұрымбет (26 сәуір 2005 жыл,Тransfermarkt.com ) — қазақ футболшысы, "Тұран" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық Тараз футбол академиясының түлегі. 2021 жылы екінші лигадағы «Тараз Ж» клубында ойнай бастады. 2023 жылдың ақпан айында «Ұлытау» клубына ауысып, екінші лигада ойнауды жалғастырды. 2023 жылдың тамызында футболшы еркін агент ретінде Беларусьтің "Энергетик-БМУ" клубына қосылды. Клуб сапындағы тұңғыш ойынын 2023 жылы 18 тамызда «Нафтан Новополоцк» командасына қарсы матчта өткізді.

Клуб сапындағы бірінші голын 2023 жылдың 3 қыркүйегінде "Шахтёрға" қарсы ойында соқты. Футболшы маусым барысында 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. 2024 жылдың қаңтарында футболшы Беларусь клубтан кетті. Бір айдан соң "Гомель" футболшысы атанды.

2025 жылдың басында "Тұранға" ауысып, Қазақстан премьер лигасында ойнай бастады. Халықаралық Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.

2025 жылы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев ұлттық құраманың оқу жаттығу жиындарына шақырды да, кеңейтілген тізімге қосты. Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ұлытау-2022 ФК ойыншылары Санат:Энергетик-БМУ ФК ойыншылары Санат:Гомель ФК ойыншылары Санат:Әндіжан ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары