Александр Васильевич Гречухин (25 қаңтар 1959, Таврическое ауылы, Таврия ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны 1976-1980 жылдары Өскемен педагогикалық институтында дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік құрылым экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 1980 жылдың тамызынан 1984 жылдың қаңтарына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданындағы Азов орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі қызметін атқарды.
1984 жылдың қаңтарынан 1986 жылдың наурызына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Азов орта мектебінің директоры болып істеді.
1986 жылдың наурызынан 1992 жылдың наурызына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1992 жылдың наурызынан 1997 жылдың шілдесіне дейін — Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудан басшысының орынбасары, әкімінің орынбасары ретінде еңбек етті.
1997 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығы — Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы, аумақтық даму бөлімі кеңес берушісі қызметін атқарды.
1997 жылдың қарашасынан 2002 жылдың ақпанына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі болып істеді.
2002 жылдың наурызынан 2003 жылдың қаңтарына дейін — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі болды.
2003 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың қаңтарына дейін — Өскемен қаласының әкімі лауазымында еңбектенді.
2004 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың наурызына дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2006 жылдың 21 наурызынан 2007 жылдың 12 шілдесіне дейін — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып істеді.
2007 жылдың 12 шілдесінен 2009 жылдың қазанына дейін — Шығыс Қазақстан облысының білім департаментінің директоры болды.
Қазіргі уақытта Александр Васильевич «Казгипроцветмет» ЖШС президент әкімшілігін басқарады.
Қоғамдық әрекеті «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы (2005-2006) міндетін атқарды..
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (01.2012).
Марапаты Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Өскемен әкімдері Санат:Шемонаиха ауданы әкімдері Санат:Глубокое ауданы әкімдері Санат:Ұлан ауданы әкімдері Санат:Шығыс Қазақстан университеті түлектері